Тағзым

МҰХАММЕД ӘЛИ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

Америкалық боксшы Мұхаммед Әли 3 маусым күні өмірінің 74 жасында дүниеден озды. Оның денсаулығының күрт төмендеуіне 1984 жылы шалдыққан Паркинсон ауруы себеп болған.

Мұхаммед Әли өзінің 20 жылға жуық спорттық мансабында 56 мәрте жеңіске жеткен. Ата-анасына қаржылай көмек беру мақсатында спортшы ринг алаңына 12 жасында келген. 1960 жылы Римде өткен олимпиадада чемпион атанғаннан кейін Әли америкалықтардың кумиріне айналды.

Оның балалық шағы Америкадағы нәсілдік бөлінушілік кезеңіне пара-пар келген. «Мен әр жексенбі сайын анаммен бірге шіркеуге баратынмын. Айналама қарап барлығын қызықтайтынмын. Сонда мені таңқалдырғаны неліктен жақсының барлығы ақ түсті, ал жамандық қара түсті?! Неге Иисус аққұба келген көк көзді жігіт?! 1960 жылы Олимпиаданы жеңгеннен кейін Америкадағы қара нәсілділерге тамақтануға рұқсат етілмеген дәмханалардың біріне бардым. Мойнымда медалім, бойымда атағым бар, оларды орындарына қоямын деген сеніммен кіріп жайғастым. Алайда, даяшы маған бұл жерде отыруға болмайтынын айтты. Мен өзімнің кедей емес екенімді айтқанымнан түк шықпады. Қара нәсілділерді кіргізбейміз деп шығарып жіберді. Жан дүниемде болған аласапыраннан мойнымдағы медальді өзенге тастап жібердім» дейді ол өзінің бір естелігінде. Кейін Мұхаммед Әли 1965 жылы ислам дінін қабылдаған.

Ғазиза ТОҚТАРБЕКОВА,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

 2-курс студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button