ЖаңалықтарЭкономика

МҮЛІК ЗАҢДАСТЫРУШЫЛАР КӨБЕЙДІ

Биылғы жылдың сәуір айындағы жағдай бойынша, Астанада жалпы құны 88,6 миллиард теңге болатын мүлікті заңдастыруға 6655 өтініш келіп түскен.

f41316ae1b80e83f0e159d706405e703

Оның жартысына жуығы Алматы ауданының меншігінде. Мұнда жалпы құны 49,7 миллиард теңгеге бағаланған мүліктің 27,8 миллиард теңгесі – тұрғын үй нысандарына, 21,4 миллиард теңгесі – тұрғын үйге жатпайтын нысандарға, 13,8 миллиард теңгесі – коммер­циялық нысандарға, қалғаны – заңды тұлғалардың үлесін­дегі мү­лікке тиесілі.
Есіл ауданы тұрғындарынан 1089 өтініш түскен. Оның жалпы құны 24,3 миллиард теңгеге бағаланған. Бұл қаржының 17 миллиард теңгеден аса бөлігі – тұрғын үй нысандарына, 7 миллиард теңгесі – тұрғын үй болып саналмайтын нысандарға, қалғаны коммерциялық жылжымайтын мүлікке жатады.
Ал Сарыарқа ауданынан есепке алынған өтініштер саны – 2437. Заңдастырылуға ұсынылған ны­сандардың жалпы құны 14,7 миллиард теңгеге жуықтайды. Оның 8,5 миллиард теңгесі – тұрғын үй нысандары, 6,2 миллиард теңгесі – басқа нысандар. Ал коммерциялық нысандардың құны 5,3 миллиард теңгені құрайды.
Бүгінде арнайы комиссия тіркелген өтініштердің 2767-сін мақұлдаған. Соның нәтижесінде жалпы құны 28,9 миллиард теңге болатын 6017 нысан заңдас­ты­рылған.
Сондай-ақ, акция басталған уақыттан бері қаладағы мем­лекеттік кірістер органдарына ақшалай қаржыны же­кешелендіру бойынша 126 арнайы декларация ұсынылды. Оның жалпы құны – 223,9 миллиард теңге. Ал, заңдастырылған құнды қағаз­дардың құны 8110 мың теңгені құрайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button