Ресмиет

Мүлік және жер салығын төлеуден босатылатын жеке тұлғалар

Салық кодексінің 403-бабының 2-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығынан келесілер салық төлеушілер болып табылмайды:
1) мерзімді қызметті өткеру (оқу) кезеңіндегі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;
2) меншік құқығындағы барлық салық салу объек­тілерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көр­сеткіштің 1000 еселенген мөлшері ше­гінде – Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаҺарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
3) меншік құқығындағы барлық салық салу объек­ті­лерінің жалпы құнынан Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көр­сеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде – Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, І және ІІ топтағы мүгедектер;
4) меншік құқығындағы барлық салық салу объекті­­лерінің жалпы құнынан Республикалық Бюд­жет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көр­сеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде – Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
Осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты осы тарау-да белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді;
5) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер.
Салық кодексінің 373-бабына сәйкес жеке тұл­ғалардың жер салығынан келесілер салық төлеу­шілер болып табылмайды:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ, бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі:
тұрғын үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері;
үй маңындағы жер учаскелері;
өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;
гаражға арналған жер учаскелері бойынша;
5) «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учас­келерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
6) жеке тұратын зейнеткерлер:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учас­келерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button