100 қадам - Ұлт жоспарыЖаңалықтар

Мүлікті заңдастырушылар көбейді

Ағымдағы жылдың 26 сәуіріне дейінгі жағдай бойынша, елорданың жергілікті атқарушы органдарындағы комиссияларға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті заңдастыру бойынша нысан құны 88,6 млрд теңгені құрайтын 6 655 өтініш келіп түскен.

Осы көрсеткішті елордадағы аудандарға бөліп қарайтын болсақ, Алматы ауданы бойынша 3 мыңнан аса өтініш тіркелгенін көреміз. Заңдастырылуы тиіс нысандардың жалпы құны 49,7 млрд теңгені құрайды. Осының ішінде 27,8 млрд теңгеге бағаланған мүлік тұрғын үй нысандары болса, тұрғын үйге жатпайтын нысандар құны – 21,4 млрд теңге. Коммерциялық нысандар 13,8 млрд теңге шамасында. Қалғандары – заңды тұлғалардың үлесіне тиесілі мүліктер.

Есіл ауданынан 1 089 өтініш түскен. Яғни, азаматтар жалпы құны 24,3 млрд теңгеден асатын мүлікті заңдастыруды өтінеді. Оның 17 млрд теңгеден астамы – тұрғын үй нысандары, 7,0 млрд теңгесі – тұрғын үй болып саналмайтын нысандар. Қалғаны коммерциялық жылжымайтын мүліктер болып танылған.

Сарыарқа ауданынан есепке алынған өтініш – 2 437. Заңдастырылуға ұсынылған нысандардың жалпы құны 14,7 млрд теңгеге жуықтайды. Оның 8,5 млрд теңгесі тұрғын үй нысандары саналса, 6,2 млрд теңгеге бағаланған нысандар тұрғын жайларға жатпайды. Бұл ауданда заңдастыру көзделген коммерциялық нысандардың құны 5,3 млрд теңге көлемінде.

Бүгінде арнайы комиссия тіркелген өтініштердің 2767-сін мақұлдаған. Соның нәтижесінде жалпы құны 28,9 млрд теңгені құрайтын 6 017 нысан заңдастырылған.

Сондай-ақ, акция басталған уақыттан бері қалалық мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай қаржыны жекешелендіру бойынша 126 арнайы декларация ұсынылды. Оның жалпы құны 223,9 млрд теңгеге тең. Ал, заңдастырылған құнды қағаздардың құны 8110 мың теңгені құрады.

Айта кетейік, жыл басынан арнайы заңға өзгеріс енгізу нәтижесінде бүгінде ақшалай қаражаттарды заңдастыру тәртібі біршама жеңілдеген. Мамандардың айтуына қарағанда, қаржысы мен мүлкін заңдастыру арқылы азаматтар қылмыстық қудалаудан сақтандырылып қоймай, әкімшілік жауапкершіліктен құтылып, салық төлеуден босатылады. Құзырлы органдар мүлкін заңдастырушы азамат жайлы ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге де кепілдік береді.

Мәдина ЖАҚЫП

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button