Әлеумет

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

инвалиды

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мүгедектер Конституцияда және басқа да заң актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық, жеке құқық және бостандықпен қатар, мыналарға құқылы:

– білім алуға, қызметті, сонымен қатар еңбекті өз еркі бойынша таңдауға,

– кәсіптік жетілдіру және қайта жетілдіру, еңбекке қабілеттілікті және жұмысқа орналасуды қалыпқа келтіруге.

Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолдармен қамтамасыз етеді:

1) жұмысшылардың жалпы санының үш пайызы көлемінде мүгедектерге арналған жұмыс орны квотасын белгілеу.

2) шағын, орта бизнес, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедектерге қосымша жұмыс орындарын құру.

3) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мүгедектерге арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құру .

4) мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру.

2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында Мемлекет басшысы азаматтардың әлеуметтік жайлылығын құрайтын үш маңызды нәрсені атап айтты: бұл – білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау.

Мұқтажды азаматтарды, бәрінен бұрын, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері баса айтылды. Мемлекет басшысы заманауи өркениетті қоғам құруда оның маңызы зор екендігіне айрықша тоқталды.

Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында тиісті уәкілетті органдарға мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және оларға қолжетімді инфраструктура, яғни, «кедергісіз орта» құру бойынша ұсыныс енгізу тапсырылды.

Осы орайда, мемлекеттік еңбек инспекторлары 2014 жылдың қаңтар айынан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауын түсіндіру бойынша кәсіпкерлік субьектісі ұжымдарымен кездесулер өткізуде.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 222-бабына сәйкес, мүгедектер әдеттегідей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегін пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда жұмыс берушілермен еңбек шарттарын жасауға құқылы.

Медициналық қорытынды бойынша денсаулық жағдайы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтіретін не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды есепке алмағанда, жұмыс берушіге мүгедектігін сылтау қылып, еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедекті басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады.

Өз кезегінде, мемлекеттік инспекторлар кәсіп­кер­лік субьектілеріне тексеру жүргізу барысында, кәсіпорын басшыларының ҚР Еңбек кодексі бойын­ша, мүгедектерді жұмысқа орналастыру ерек­ше­лі­гінің орындалуына баса назар аударуына көңіл бөледі.

Қ. ЫСҚАҚОВ,

Астана қаласының Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары м.а. 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button