Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жігер берген байқау

Нұр-Сұлтан қаласындағы паралимпиадалық жаттығу орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасында шығармашылық байқау өтті.

[smartslider3 slider=996]

Ән, би, өлең оқу, музыкалық аспаптарда ойнау, stand-up, қол­өнер сынды 7 бағыт бойынша өткен бұл байқаудың мақсаты – паралим­пиадалық құндылықтарды тарату, инклюзивті қоғамдастық құру және мүгедектігі бар адамдар арасында таланттарды анықтау. Байқау­ға республиканың әр өңірінен 200-ден астам үміткер қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар, медальдар беріліп, арнаулы сыйлықтар табысталды.

Байқауды Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен «Каспий» спортты дамыту қоры ұйымдастырды. «Шара өте тамаша өтті. Мүгедек жандардың жігеріне жебеу, талабына демеу берген бұл шарадан өте тамаша әсер алдым. Байқауды ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Мен де өз өнерімді көрсетіп, бақ сынауға келдім» деді байқауға қатысқан Марат Жолдама.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button