Жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІЛЕР ДЕ ШЕТ ҚАЛМАДЫ

baf62ab2a66327c3c68c6b2a4c2

Жексенбі күні Астаналық цирктің алдындағы алаңда қалалық әкімдіктің қолдауымен «ДОС» тәуелсіз өмір» мүгедектер қоғамдық бірлестігі «Небесный лев» және «Best for Kids» қоғамдық қорларымен бірге Жастар күніне арналған «Special youth party» атты ауқымды акция өткізді.

Мыңнан аса адам жиналған мерекелік шарада талантты жастармен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар да өнер көрсетті. Олар кейінгі кезде үрдіске айналған флешмобқа белсене қатысты. Акцияның мақсаты да осы еді. Яғни, қамкөңіл жандардың астаналық ретінде қала­ның қоғамдық-саяси, мәдени өмірінен шет қалмауы назарға алынды.
Ойын-сауыққа толы болған бұл күні жас­тар тоқыма тоқудан жарысқа түсіп, түрлі сурет салу сайыстарында бақ сынады. Қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар сол маңда ұйымдастырылған көрмеге қойылды. Думанды шараның соңы эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен би кешіне ұласты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button