Мәдениет

Мұқағали мұрасы

«Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның классика және эстрадалық вокал бөлімінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Есіңе мені алғайсың» әдеби-сазды кеш өтті.

[smartslider3 slider=638]

Әдемі ән кешінде ақынның өлеңдеріне жазылған елге танымал әндермен қатар жаңа туындылар шырқалды. Мұқағали дегенде, композиторлардың арасында Нұрғиса Тілендиев пен Тұрсынғазы Рахимовтың шығармаларын ерек атап өтуге болады. Себебі ақиық ақынның өлеңдерін әнге айналдыруды бірінші болып Нұрғиса бастады. Тіпті, екеуінің шығармашылық бірлестігінен туған «Саржайлау» әні «Менің атым Қожа» фильміне енген. Ал Тұрсынғазы өмірден өткенше Мұқағалидың жырларына ән жазды.

Кеште Қазақстан және Татарстан Республикаларының халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин, Алтынай Жорабаева, Светлана Айтбаева, Лұқпан Жолдасов, Арайлым Рахымқызы, Елена Әбдіхалықова, Клара Төленбаева, Медет Салықов, Азамат Жылтыркөзов, Мәдениет саласының үздігі Роза Шоткалиева, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Индира Расылхан, Зарина Омарова, Дос, Мұратбек Хайролда, Нұрбол Балапанов, Бибігүл Тыныштық, Айдын Жұмабай, Ақбота Құснадин, Әкімхан Мәженов, Диана Май, Парасат Отан, Салтанат Серкебаева, Әйгерім Ораз, және «Айналайын» балалар хоры ән салды. Музыкалық жас көрермен театрының әртістері ақынның өлеңдерін оқыды. «Аlem» эстрадалық би ансамблі өнер көрсетті.


 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button