Мәдениет

Мұқан және мұрагерлерінің музыкасы

21 қараша күні «Астана Опера» театрының үлкен залында Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына арналған Қазақстан композиторларының вокалдық-симфониялық шығармаларынан салтанатты концерт болады.

Кеште Мұқан Төлебаев, ­Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди сияқ­ты Қазақстан композиторлар одағының негізін салған тұлғалармен бірге заманауи авторлар Владимир Стригоцкий-Пак, Балнұр Қыдырбек, Бейбіт Дәлденбай, Серікжан Әбдінұров, Абзал Мұхитдинов, Әлқуат Қазақбаевтың шығармалары, жас композиторлар Әліби Әбдінұров және Арман Жайымның туындылары орындалады. Әліби Әбдінұровтың Скрипка мен оркестрге арналған концертінің әлемдік премьерасы мерейтой шарасына арнайы жазылды. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, осы концерттен 84 жылдық тарихы бар Қазақстан композиторлар одағының өсуі, дамуы, өркендеу жолы, буын сабақтастығын көруге болады.

Концерт аясында Мұқан Төлебаевтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсынан үзінділер, сондай-ақ автордың «Тос мені, тос», «Кестелі орамал» танымал романстары ұсынылады. А.Жұбанов пен Л.Хамидидің аттас операсынан Абайдың ариясы, Ә.Қазақбаевтың «Жамбыл жырау» операсынан Сүйінбайдың термесі, А.Жайымов пен А.Жайымның «Бейбарыс» операсынан Бейбарыстың ариясы, А.Мұхитдиннің «Әл-Фараби» операсынан «Гүлдер биі» шырқалады. Сондай-ақ В.Стригоцкий-Пактың «Кенесары» симфониялық поэмасы, Б.Қыдырбектің «Реквиемі», Б.Дәлденбайдың «Ел бақыты» вокалдық-симфониялық одасы орындалады.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button