Елорда тынысы

Мұқтаж жандарға көмектесті

Құрбан айт мерекесі күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен «Астана жастары» жастар ресурсы орталығының еріктілері және автоволонтерлердің ұйымдастыруымен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және мұқтаж жандарға ет таратылды.

[smartslider3 slider=3461]

– Құрбан айт мерекесіне орай Нұр-Сұлтан қаласының белсенді жастары, қала тұрғындары, аудандық әкімдіктердің, қалалық басқармалардың өкілдері біріге отырып, үш күн бойы мұқтаж азаматтарға ет таратуды ұйымдастырып жатыр. Бұл іс-шараға волонтерлер мен автоволонтерлер қатысып отыр. Олардың жалпы саны 500-ден асады. Бұл іс-шара әкімдіктің қолдауымен соңғы бес жылда тұрақты түрде жүзеге асырылып келе жатыр, – деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Аян Ерментаев.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – қасиетті мерекеде мұсылмандық парызды орындау, мұқтаж жандарға көмектесу.

«Құрбан айт мерекесіне орайластырылып өткізіп жатқан бұл іс-шараның сауабы мол. Құрбандыққа шалған мал етінің бір бөлігін әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға таратып беріп жатырмыз. Көңіл күйіміз керемет. Осындай игі іске атсалысқаныма қуаныштымын» дейді еріктілердің бірі Дамир Айтымов.

Айта кетейік, елордалық волонтерлер бұған дейінгі мерекелерде де мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін таратып,

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button