Жаңалықтар

МҰРАТЫ БИІК ЖЕҢІМПАЗДАР ЕЛІ

Татулық – таптырмас бақыт.
(Қазақ халық мақалы)

Жасым жетпістен асып кетсе де,­ Тәуелсіздігімізді ойласам, қа­ным ысып, көңілім жас баладай алабұртады. Өйткені, мен көп­те­ген­ замандастарым сияқты «бас­та­ ерік жоқ, аяқ-қол тұсаулы» де­ген­­ді көріп-біліп өскен адамның бі­рі­мін. Сондықтан кешегі мен бү­гінгіні салыстырамын да, Аллаға шү­кір­­­шілік деймін. Кеудемде жан бар­да үзілмейтін осынау риясыз қуаны­шымды Тәуелсіздігіміздің мү­ше­лінде, кезінде, «Жұлдыз» жур­налы арқылы да айтқанмын: «Тә­уелсіз Егеменді Қазақстан бір мү­­шел жас – он үштің қырқасына өр­леді. Хош көңілмен Елбасының Қа­зақстан халқына арнаған Жолда­уымен танысып жатырмыз. Әлем та­ныған, іргелі де қабырғалы ел бол­дық. Саясатта, шаруашылықты жа­ңаша жүргізуде, халықтың әлеу­меттік-тұрмыстық жағдайын жақ­сар­туда КСРО ыдырап, соның те­мір құрсауынан босап шыққан тәуел­сіз жас мемлекеттердің ішінде – бәрі­нің алдындамыз. Тіпті, алып Ресей­дің өзі Қазақстанның сөзсіз жетіс­тіктерін қалтқысыз мойындап, біздің әрбір ісімізден озат тәжі­рибе үлгісін көріп, сүйсініп те, қы­зы­ғып та қарайтын болды» деппін. Со­дан бері арада өткен сегіз жыл ішін­де еліміз халықаралық арена­да бұрынғыдан да серпінді қар­қын­мен төске өрледі, беделін бе­кем­­­деді, саяси-экономикалық, мә­­дени-әлеуметтік мәселелер тал­қы­­ла­натын, шешілетін іргелі де се­­німді әлемдік орталықтырдың бі­­ріне, ал «Қазақ елі – Қазақстан» де­­ген айшықты сөз жер шарының бар­­­лық түкпіріне танымал брендке ай­налды.

Менің замандастарым осындай өз қолым өз аузыма жетсе дейтін еркін өмірді армандады ма? Әрине. Ата-бабалар да, аталар мен әкелер де, тәуелсіздігімізбен жасты кейінгі балаң ұрпақтан басқасының бәрі де.

Көз­ алдымда өткен ғасыр, 60­-жыл­­­­­­дар. Газеттер дуылдатып жа­­­­­­­зып, радио күндіз-түні «тың», «тың» деп бір тынбастан толассыз сар­­­­­­найды. Біз де, Қазақстанның әр­­­ қиырынан жиналған 50 шақты қа­­­­­­ра­­­­домалақ – болашақ филолог, жур­­­­­­на­­листер кешкі алау басында:

Едем мы, друзья,
В дальние края.
Станем новоселами,
И ты, и я, – деп тіл бұрап, өзімізше қосыла шырқаймыз. Айта қоярлықтай басқа жөнді әніміз де жоқ. Амал қанша, тілімізді бұрай түсеміз:

Мама, не скучай,
Слез не проливай.
Станем новоселами,
Скорее приезжай…

Күндіз Есілдің май то­­пырағында өн­ген астық қыр­ман­­дарының бі­рінде боламыз. Анау алқап, мынау­ ал­қап деп жүк машинасының қо­­ра­­бында селкілдеп ұзақ жүріп қа­ла­тын кездеріміз де бар. Сондайда ай­нала тұнған егістік арасындағы әл­де­бір бұрылыс-қалтарыстан кей­де әб­ден­ шө­гіп­ жә­пі­рей­ген­ төрт­-бес­ то­қал тамды ұшыратамыз. Есік алдындағы жерошақ басында күйбеңдеп от жағып жатқан әйелдер, жез самауырға шоқ сап тұрған қызыл камзолды бойжеткен көзімізге оттай басылады. Оларға біз тоқтамаймыз. Күре жол оларды алыстан орағытып өтеді. Олар ұлы көшке ілесе алмай қалған ескі жұрт, ал біз коммунизм маңдайшасына орақ пен балға айқасқан қызыл туды желбірете қадауға асыққан құдды бір алдыңғы ерекше топ секілдіміз. Бірақ, неге екені белгісіз, жол шетіндегі сол бір тоқал тамдар, қызыл қамзолды қыз жүректі бір сәт ауырта шымшып, шымырлатып жібереді, ойыңның ойран-ботқасын шығарады. Кейін филолог ғалым, академик болған, мар­құм Рымғали Нұрғалиев екеу­­міз­ ал кеп қиялдаймыз. Ол мұға­лім отбасында өскен. Үйімізде Ленин­нің елу пәленбай томы, Сталиннің қырық пәленбай томы сіресіп тұ­ра­ды дейтін. Кітап құнын, білім құ­діретін жастай пайымдаған, көп­ оқыған жігіт. Мен болсам, мек­тебі жоқ жерде өскендіктен «ат­тың жалы, түйенің қомында» жү­ріп оқығандықтан, ша­ла­­лау­мын. Есесіне, жастай шахтада істеп, кешегі «халық жауы», немістің қызметінде болған полицай, ел тонаған, кісі өлтірген шын қарақшы, қаскөйлермен бірге Жезқазғанның 700 метр жер асты қойнауынан кен қазып, өмір көріп ысылған тәжірибем бар. Досым екеуміздің ешкімге естіртпей оңашада айтылатын қия­­лы­мыз – болашақ, арманымыз – тәуелсіз, дербес ел болу. Өзіміздің бі­лім, ақылымыз жеткен жерден та­рих сабақтарын әрі тарқатып, бе­рі тарқатып, мынадай тым жой­қын әрі айлакер империяның құр­са­уынан босап шығудың жолы жоқ­-ау, сірә деген шарасыз ащы ой­ға келіп тіреле беретінбіз. Бі­рақ­ ешбір империя мәңгі өмір сүр­мейді ғой. Бұл да құлады. Алай­­да, біздің Тәуелсіздігіміз оңай келді деушілер қателеседі. Дұ­­ры­­сы, мұны дербестігіміз үшін жоңғарларға қарсы күрестен басталып, 1986 жылдың желтоқсанында Алматыдағы қазақ жастарының көтерілісімен аяқталған қантөгіс­тердің өмірге қайта көктеуі деге­німіз ләзім. Дегенмен, дәл сол күн­дерде, «енді ел тағдыры қандай қол­ға тиеді, ол елді қайда, қалай бастайды» деп, есі бар адамда кім ойланбады дейсіз. Бағымызға ел тізгінін қаршадайынан өмірдің ащы-тұщысын, ыстық-суығын халқымен бірдей бөлісіп өскен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұстады. Осыған орай: «Мұзтаулар қаптаған теріскей мұхитты, со­лар­дың ара-арасымен жүзіп ке­ле­ жатқан шағын кемені, кеме штур­ва­лындағы жас капитанды көзге елес­тетіп көріңізші. Осындай қиын­­ға кеме салған капитанның ба­тыл­дығы мен өрлігіне, айсберг-мұз­тау­дың су бетіндегі төбесі қандай сұс­ты, айбарлы болса, су астында одан жеті есе үлкен бөлігінің жасырынып жататын залымдығын ескерсек, осылардың ара-арасынан арандап қалмай, кемеге жол таба білген капитанның шеберлігіне қалайша тәнті болмайсың. Әрине, кеме капитанын қанша жерден батыл, шебер десек те, егер ол кемедегілермен бірге тыныстап, солардың ұйымдасқан жігеріне, та­бан­дылығына, бірлігіне сүйенбесе, жағдайының қиын болары да хақ. Кеменің мұзтаулар қаптаған қауіпті судан аман-есен өтіп, алдағы аң­сарлы айдын шалқарға еркіндеп шы­ғуының бұдан басқа кепілі жоқ» деп те бейнелеп жазыппын. Бүгін Елбасымыз ұстанған осынау көрегендік саясаттың жемісін бүкіл әлем көріп отыр. Мен соның, яғни Қазақстанда жүзеге асырылған ұланғайыр істердің бірер түйініне ғана тоқталсам, алдымен, әрине, Астананың салтанатты келбетіне соқпай өте алмаймын. 1997-1998 жылдары қызмет ба­бымен бұрынғы Ақмолаға жиі­ келіп жүрдім. Қараөткелден қа­­ла­ға жетіп болмайтынсың. Қос қап­­тал құлазыған дала, ескі асфальт шұ­рық­-тесік, қала ішінің жолдары да ой­дым-ойдым шұңқыр, бірөңкей сұ­рық­сыз үйлер кісіге суық қарайды. Қа­лаға кіру қандай қиын болса, бұрынғы София, Астрахан тас жол­дарымен қаладан шығып кету одан да қиын-ды. Көпірлер жоққа тән, қашан көлденеңнен киліккен пойыз өтіп болғанша, шлагбаум аузын­да мөлиіп тұрғаның. Ал қазір… Көп айтып қайтейін, баяғы тың­ өлкесінің орталығы деп қанша әспеттегенде халқының саны екі жүз мыңнан сәл ғана қалқыңқы Ақмола халқының саны қазір жеті жүз мыңнан асып, миллионға жол­­ тартқан, әлем сүйсінген кө­рік­ті Астанаға айналды. Мәселе қа­­ла­ны көрер көзге тартымды, тұр­­мысқа қолайлы етіп салуда де­­сек, мысал ретінде бір ғана «Хан Ша­­тырдың» біз де тап осын­дай­­­ ғимарат салсақ дегізіп, та­лай­­ ел­ге үлгі болғанын айтсақ та жет­­­­кі­лікті. Иә, солай. Бұрынғы кел­­­беті мен қазіргі келбетінің ара­­сында жер мен көктей айыр­ма бар. Инфрақұрылымдары жаңар­тылып, жетілдіріліп адамның тір­ші­лік-тұрмысын жеңілдетуге, қо­ғам­­дық ортаны абаттандырып, мә­­де­ниеттендіруге бағыт­тал­ған. Қай­­да барасың, жол қиын­ды­ғын көр­­мейсің, не іздейсің, қинал­май­сың,­­ табасың.

Жа­қында Қараөткелден ары асып, Аршалыға барар жолда қос қап­­тал­дан тебіндегі үйір-үйір қап­­таған жылқы көрдім. Ал анау бүй­рек бет қырлардың арғы бе­тін­­де, ойпаңды жазықтарда, бөк­тер­­­лер­де қаншасы жүр екен деп ерік­­сіз сүйсінесің. Фермерлер, жа­ңар­­қалық Нұргүл Орынбасаро­ва, Степногорск қаласының Қара­бұлақ ауылындағы Гүлмайра Бай­ма­қ­ова ойыма оралды. Шаруасын түр­­лен­діру үшін, ет, сүт өндірумен айна­­лысатын Нұргүл сонау Гер­ма­ния­­дан ерлі-зайыпты кәнігі кәсіп­кер­­лер Гердес пен Инга Харальт­тарды шақырып алып, олардан кон­дитер өнімдерінің 80 түрін жа­сауды үйренген, Гүлмайра болса, БҰҰ-ның екпе өсімдіктер жөніндегі экс­перті Гүлнара Бектұроваға де­йін шығып, одан кеңес алған, кө­мегіне сүйенген. Астаналық ша­ғын кәсіпкер А.Мәжитовтің хи­мия­лық-синтетикалық дорбалар мен­ қалташалардың уақыты өтіп ба­рады, денсаулыққа да, экологияға да­ зиян деп, шетелдік озат үлгілерді бас­шылыққа ала отырып, ондай­ зат­тарды қағаздан жасауға кірісуі қан­дай ғанибет. Сондай-ақ, А.Әбі­кенов­тің дүнияға даңқы кең жа­йыл­ған неміс мебель жасаушы ше­­бер­лерден үйреніп келіп, сол істі ен­ді Астанада жаңғыртпақ ниеті, Ә.Түсіп­­бекованың 5 жастан 50 жас аралығын қамтитын осы заманғы спорттық би федерациясындағы қызметі кім-кімді болмасын сүй­сін­дірмей қоймасы анық. Бұл – Қа­зақстанның барша қаласы мен­ даласына кең жайылған өр­кен­ді де өрісті құбылыс. Бағыт – та­яу жылдарда шағын және ор­та бизнестің экономикада алатын­ үлесін 40 пайызға жеткізу. Осы­лай­ша халықтың еркін еңбек ар­қы­лы жақсы тұрмысқа жетсем-ау­ деген ынтасы, Елбасының көре­ген­дігімен ұштасса, жаңа ойлар мен­ серпінді жаңа жоспарларға жол­ ашыла берері сөзсіз. Мұны біз Пре­зи­дентіміздің «Қазақстанның әлеу­мет­тік жаңғыртылуы: Жалпыға ор­тақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» деген еңбегінен айқын көреміз. Халықаралық рейтинг агенттігінің зерттеулері еліміздегі «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан те­­мір жолы», KEGOC сынды ұлт­тық компаниялардың және валютамыздың әлеуеттік деңгейі жоғарылығын, Қазақстанның эко­но­микалық даму қарқынының тұрақ­тығын мәлімдеп отыр.
Иә, еңбектің қай түрі де маңыз­ды. Десек те, озық ғылым мен технологияға негізделетін интел­лек­туалды түрлері қоғамды тү­ле­те­тін ең басты күшке айналғалы қа­шан. Сондықтан да басында­ талант­ты жастарымыздың «Бо­лашақ» бағдарламасымен шетел­дер­дің әйгілі оқу орындарында бі­лім алуына ерекше мән берілсе, қа­зір өзіміздегі оқу орындарында білім беру сапасын арттыру ба­ғыты пәрменділікпен жүзеге асы­рылып жатыр. Нәтижесі – 2012­ халықаралық инновациялық фо­румда Аль-Фараби атындағы қа­зақ ұлттық университетінің сту­­денті А.Тазабеков өзі ойлап тап­қан виртуалды көзілдірігімен, IT-университетінің студенттері Е.Хе­гай суға кетуді болдырмайтын­ ерек­ше шомылу кәстөмімен, И.Филько ТЖМ-нен берілетін же­дел хабарларды смартфон мен компью­тер арқылы қабылдайтын өз­геше тетігімен көзге түсті. Бұл мысалдардан біз жастарға сапалы білім берудің қайтарымын ғана емес, сонымен бірге, ұлтаралық та­ту­лықтың, «Қазақстан – жалғыз Отаным, ортақ үйім» дейтін бір­лік­тің де мәуелі жемісін көреміз. Та­ғы айтсақ, қазақстандық ғалым Бор­ис Пилат болашақта ғарыштан табылатын суды тұзынан тазартатын құрал ойлап тапқан. Оған дамыған талай ел, бірінші кезекте Ресей үлкен қызығушылық білдірген. Юпитер серігінде су бар деген болжам бар. Соған алдағы бес-алты жыл көлемінде арнайы ғарыш кемесі ұшырылғанда, әлгі құралды да пайдаланбақ.
Қоғамды жаңғыртатын, әлеуетті ететін құбылыстардың бағыт-бағдарын болжай білу, елді дамы­ту­дың соған сәйкес жолдарын тү­зеу – көрегендіктің негізі, же­ңім­паздықтың басты шарты. Әрине, дүниежүзін қыспаққа ал­ған экономикалық дағдарыс біз­дің елді айналып кетіп жатыр де­сек, тым әсірелегендік болар. Ке­рісінше, біздің үкіметіміз оны ал­дын ала болжап, одан қысылмай шы­ғудың жолдарын күні бұрын қарас­тырып қойып отыр. Еліміздің жал­­пы экономикалық өсімінің биыл да ойдағыдай болатыны, ұлт­­­тық компанияларымыздың рей­­тін­гісінің жоғарылығы – сөзі­міз­­­дің дәлелі. Биылғы ішінара қуаң­­­шылыққа қарамастан елде жақ­­­сы астық жиналды. Сатуға шы­­­­ғарылатын астық көлемі де қо­­мақты. Мұның өзі, біріншіден, мем­лекетіміздің экономикалық әлеуетін көрсетсе, екіншіден, жер шарында бір миллиардтан астам адамның тойып тамақ іше алмай, өл­ме­шінің күнін көретінін ескерсек, миллиондардың аузына нан са­лып, оларды аштық зардабынан құтқаруға белсене атсалыса­тын ізгі ниетті қайырымды ел екені­міз­ді де әлемге айғақтайды. Ал ЭКСПО-2017-нің Қазақстанда өтуін жеңіп алуымыз – Тәуелсіз жас­ еліміздің жаңа, жарқын беті. Мұн­дай ұлы абырой постсоветтік кеңістікте, Орталық Азияда бірін­ші рет біздің елге бұйырды. Жиыр­ма­ бір жылдың ішінде көптеген же­ңімпаздық істермен бекітілген ел­дігіміздің мызғымас тұғырына ке­ліп қонақтар тағы бір бақ құсы бұл. Үш айға созылатын ЭКСПО ар­қасында жаңа жұмыс орын­да­ры ашылады, шағын және ор­та бизнес дамиды, қаланың инфра­құ­ры­лымы өркендейді, өндірістің қыз­мет көрсету саласы, мейман­ха­на бизнесі, ішкі және шетел туриз­мі қанат жая түседі, еліміздің та­ны­малдығы артады. Болашақ энер­гиясының қыр-сырларын ашу, оны өркендетудің жаңа жол­да­рын көрсету, жалпы, бүкіл әлем экономикасының жандана тү­суі­не жаңа серпін беретіні де сөз­сіз. Түрлі-түрлі жеңістердің ішін­де осындай татулық бірлікпен, іскер­лік еркіндікпен келген жеңіс – ең мән­дісі. Осы орайда, қарабұлақтық фер­мер Гүлмайра Баймақованың мы­на бір сөздері есімнен кетпейді: «Мен кешегі Кеңес кезінде де белсеніп жұмыс істедім, бірақ одан пәлендей рахат көргем жоқ. Сол заманды жақсы еді дейтіндер арамыздан әлі де кездеседі. Бекер. Ол бір қайырымы жоқ, бейнеті сор заман болды ғой. Адам бойында масылдықтан басқа түк оңған жақсы қасиет қалыптастыра алмады. Осы күні кейбіреулерді титықтатып, аузын қисайтып теріс сөйлетіп жүрген жалқаулық – сол күндерден қалған кесел. Ау, атам қазақ: «Кісінікі дегенде кішкентай ғана күшім бар, өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар» дегенді бекер айтты деймісіз. Өзің үшін, өзіңнің отбасың үшін еңбек етіп, төккен теріңнің рахатын көргенге не жетсін, шіркін?! Әрбір мықты отбасын кішкентай бұлақ көзі десек, мыңдаған, миллиондаған бұлақ көздерінен шыққан нәр тәуелсіз ортақ Отанымызды қуат­­ты, айбынды ете түспей ме. Тәуелсіздік нұрымен қанаттанған ел бір күш алып алған соң, әрі қарай Самұрықтай самғайды, соған бүгін өз қолымызбен үлес қосып, жемісі мен жеңісін өз көзімізбен көріп те отырмыз». Қарапайым іскер фермердің айтқанына толық қосылдым. Иә, біздің ел – мұраты биік жеңімпаздар елі.

Өтен АХМЕТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button