Білім

«МҰРАЖАЙ ПЕДАГОГИКАСЫ» – жасөспірімдердің тәрбиесін жан-жақты шыңдайтын ғылым

Қазіргі кезеңде білім берудің құрамдас бөлігі – тәрбиедегі кемшіліктерді азайту, оқушылардың рухани даму мәселелерін оңтайландырып, мектептердің тәжірибелік-бағдарлы құрамын жетілдіру мақсатында жасөспірімдерді мұражай педагогикасы­ әді­сімен оқыту ісіне де қажеттілік туындап отыр. Ол дегеніміз – әрбір саналы оқушының өз еркімен ізденіп, жан-жақты зерттеумен айналы­су мүмкіндігін арттыруға сеп.

Сол үшін «Атамекен» Қазақстан карта­сы»­ этно-мемориалдық кеше­ні­нің жи­на­­лыс залында Астана қалалық білім, мәдениет басқармалары және аталған мекеменің ұй­ым­дас­ты­руымен «Оқу-тәрбие үдерісіне мұражай педагогикасын енгізудің тиімді жолдары мен жағ­дайы» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Мектеп директорларының орынбасарларына арналған бұл шараны кешен директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева ашып, алдымен дөңгелек үстел мәжілісіне қатысушыларды қай­ыр­лы қадамдарымен құттықтады. Өз кезе­гін­де ҚР Мәдениет қайраткері және туризм саласының құрметті қызметкері Бақытхан Ора­зым­­бе­това да әріптестеріне жылы лебізін біл­діріп, арнайы әзірлеген баяндамасын оқыды. Одан кейін жасалған баяндамаларында профессорлар Жұмағали Наурызбай, Замира Баубекова, аға оқытушы Мира Дүйсебаева, Тұңғыш Президент мұражайының ғылыми қызметкері Әсия Оспанова, Павлодар қаласындағы №51 мектепке дейінгі ұйымның әдіскері Жанмарал Махметова мектепке дейінгі мекемеде баланың ақыл-ойын дамыту және тәрбиелеудегі мұражай педагогикасы, оның оқушыларға этномәдени білім берудегі рөлі, жастардың бойындағы лидерлік қасиетті жетілдіру жағдайлары, т.б. жау­ап­ты жұмыстарға қатысты мағлұматтарды қамтыды.

Пленарлық және секциялық отырыс форма­тын­­да өткен конференция жұмысына қатысу үшін еліміздегі біраз жоғары оқу орындарының ғалымдары, мұражай қызметкерлері, жалпы және қосымша білім беру педагогтары мен білім беру ұйымдарының басшылары да ар­найы­ ша­қыр­тыл­ған екен. Төрт көздері тү­гел­ от­ырды. Өзара пікір алмасып, оқу мен тәр­бие­ жүй­е­сіне кіріктіретін мұражайлық бі­лім­ берудің мазмұнын жетілдіруге күш салу ке­рек­ті­гін пы­сық­тады. Одан өзге пікірлер реті төмендегідей…

Жұмағали НАУРЫЗБАЙ,
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Тәрбие және этномәдени бөлімінің меңгерушісі, профессор:

– Бүгінде біздің ұрпақ тәрбиесінде қа­лып­­тасқан оқу-білім жүйесіне тәрбие меке­ме­ле­рінің де қосар үлесі орасан. Мысалы, ұл­т­тық­ құн­ды­лықтардың уызына қанып өскен, мем­лекеттік игіліктерге сусындаған ұрпақ тәрбиелейміз десек, онда «мұражай педаго­ги­касы» деген ғылымның атқарар рөлін ес­ке­руі­міз керек. Жалпы, «мұражай педагогика­сы»­ – біздің оқушылардың ұлттық-мәдени сәй­кес­ті­лікке қол жеткізуіне, осылайша жан-жақ­ты мәдениетті тұлға тәрбиелеуге еңбек ететін ғылым саласы. Бұл ретте бүгін жасалған баян­да­малар мен шығып сөйлеушілердің пі­кір­ле­рі осы жұмыстың біздің елімізде кеңінен қа­нат жайып келе жатқанын көрсетті. Қазір Ас­тана мектептерінің әрқайсысында бір-бір мұражай жұмыс істейді. Сондай-ақ, Астана мектептерінің ішінде бүгін ауқымды семинар­ өт­­кі­зіп отырған «Атамекен» Қазақстан кар­та­сы» этно-мемориалдық кешеніндегі жә­ді­гер­лер­ді қызықтайтын оқушылар да аз емес. Олар кешенге келіп, тиімді тәлім-тәрбие алып тұрады. Демек, мектептермен тығыз бай­ла­ныс­тың­ қалыптасуы нәтижесінде, бұл мекеме өз ке­зе­гінде ұйымдастыру-әдістемелік орталық мис­сия­сын атқарып отыр.

Әлия НҰРҒАЛИЕВА,
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары:

– Негізінен, баланың рухани байлығынсыз білім болмайды ғой. «Тәрбиесіз берілген білім – жетім» деген ұстанымды негізге ала отырып, біз бүгінгі конференцияның тақырыбын ашу үшін академик, профессорларды шақырдық. Осы шараның алдында мұражай мен білім са­ла­сын кіріктіру мақсатында екі кезеңнен тұ­ратын республикалық мұражай саласының ин­но­ва­ция­лық нысан фестивалін өткізгенбіз. Оған республика мектептерінің 60-тан аса ұс­таз­дары қатысып, оның 25-і өз жобаларын қор­­ға­­ды. Жо­ба­ нә­ти­же­ле­рін біз өзіміздің сайт­қа ор­­на­­лас­тыр­дық.­ Жақ­сы жүзеге асқан ол­ ал­­ғаш­­қы шарамыздың бірінші кезеңі сырттай өтсе, екінші кезеңі осы наурыз айының басында Астана қаласының Гуманитарлық колледжі базасында жалғасын тапты. Ұстаздар мұражай педагогикасының мектептегі оқу процесіне енгізу тәжірибелері жобасын сол сәтте қорғаған болатын. Ал оның үшінші, қоры­тын­ды кезеңі іспетті бүгінгі дөңгелек үстел іргелі ЖОО оқытушыларының қатысуымен өтіп жатыр. Осындағы білікті мамандардың жылы лебіздеріне қарағанда, біздің қолға алған игілікті ісіміз өз деңгейінде аяқталды деп есептеймін.

 

Мағрифа ТАСЫБАЙҚЫЗЫ,
Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп мұражайының меңгерушісі:

– Бүгінгі шараға, әсіресе, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалым­да­ры келіп, олардың баланы жалаң білімнен гө­рі­ жан-жақты тәрбиелеу жөнінде үлкен мә­се­ле көтергені қуантады. «Жасөспірімдерге тәр­бие беру үрдісінде қандай мүмкіндіктер бар?», «Жас ерекшеліктерін ескеріп, тарихи,­ гео­г­ра­фи­ка­лық дүниелерді, әлеуметтік жетіс­тік­тер­ді бойларына қалай сіңіру керек?» де­ген­­ сұрақтарға да толыққанды жауап тауып­ отыр­­мыз. Ал ғаламтор арқылы әлемнің барлық ақпаратына қол жеткізіп отырған қазақ бала­сы­ның көкейінде не жүру керек, өз елі-жерін танытып, ұлттық патриотизмді бойына қалай сің­ді­ре­міз дегенде, алысқа қол созбай-ақ, оларды өз Астанамыз ішіндегі «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешеніне апарып тұрған абзал. Бұл жерде өте тамаша дүниелер іске асады. Себебі, жыл сайын мамырдың 18­-ін­де осы жерде ымырттан таң атқанша «Мұ­ра­жай түні» деген әлем мұражайларымен он­лайн­ ре­жи­мінде сөйлесу шарасы өткізіліп тұрады. Бүгін де мұнда тамаша басқосу болды. Ғалымдарды толғантып жүрген ойлардың түйіні ұстаздармен бірлескен түрде шешілді. Қазақ елін әлемге Астанамыз танытып жатса, бұл қаладағы әр мектептің соған қосар өзіндік үлесі болуы керек қой. Мектепке бармақтай болып келген жеткіншектерімізді 11 жылдан кейін үлкен азамат етіп шығару үшін «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешеніне жылына бір әкеліп тұрған артықтық етпейді. Ал арнайы пән арқылы келетін болса, 2 жылдың ішінде 68 рет осында бас сұғуға болады. Сондықтан да 68 аялдама дегеніміз – өткенге үңілу арқылы бүгініңді тану, болашағыңды ойлау болып табылады. Ондай ұрпақты тәрбиелеу – біздің міндетіміз! Сондықтан, мен бүгінгі дөңгелек үстелден керемет әсер алдым.

Перизат ШОЙБЕКОВА,
Астана қаласы №51 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

– Менің тәрбие ісі саласында жұмыс жасап жатқаныма 5 жылдан астам уақыт болды. Оқу­шы­лардың бойындағы рухани, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын бірден-бір білім ордасы – мектеп десек, екінші жағынан қосымша білім мекемелерінің оған демеу болар дүниелері баршылық. Астана қаласындағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені, Тұңғыш Президент мұражайы, Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай, тағы басқаларына оқушылар аса қызығуышылық танытады. Себебі, олар бұл жерлерде көптеген ұлттық-танымдық жәдігерлермен танысады. Екіншіден, осы орын­дарда тренингтер, семинарлар сынды көптеген іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Бұлардың бәрі баланың бойындағы жан-жақтылықты, патриоттық сезімді қалып­тас­ты­рады. Қазір мұражайлар оқушы санасының дамуына жоғары деңгейде қызмет атқарып отырғандықтан, оқу мен тәрбие негізін ұштас­тыр­ған осындай қадамдарды құптаймын. Се­ми­нар­да Астанадағы ұстаздар қауымына ой­ саларлық дәрежеде қызықты мағлұматтар қам­тыл­ды деп ойлаймын.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button