Жаңалықтар

Мұз мүсіндер жарқырайды түнде де

Астаналық балғындар үшін қыстың қызығы енді басталды.

Елордада балаларға арналған сырғанақтар, ашық аспан астындағы мұз айдындары және жылдағы дәстүр бойынша мұз қалашығы бой көтерді.
Мүсіншілер қыстың суығына қарамастан, мұздан «Алтай мәде­ние­ті», «Арғымақ», «Ежелгі түрік жауынгері», «Саятшы», «Құсбегі» сынды түрлі мүсіндер орнатты.

Балаларға арналған ертегі кейіп­керлері де қаланың әр жерінен өз орнын тапты. Мұздан мүсін жасайтын шебер Ғажайып Сыздықованың айтуынша, бұл оңай шаруа емес. «Мұздың асты-үстін тегістеп, қырын шығарып алғаннан кейін су құйып, оны бір-біріне жабыстырамыз. Артық жерін балтамен шауып, жан-жағын тегістейміз. Мүсін жасауға арналған мұздың бір бөлшегі 25-30 келі тартады. Ал, бір мүсін қалауға кем дегенде 3-4 күн уақыт кетеді» дейді ол.

Айта кеткен жөн, сырғанақ алаң­дары балалардың қауіпсіздігі үшін жартылай қоршалған. Ал, орнатылған мүсіндер безендіріліп, түнгі қаланың келбетіне сән беру үшін түгел жарықтандырылған.

Гүлмира Аймағанбет

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button