Мәдениет

Мұз үстіндегі сайыс

Астана қаласында «Алау» мұз айдынында шорт-трек­тен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ел ішілік бәсекедеұұұұұ елордалық спортшылар табысты өнер көрсетті.

Әйелдер арасында жерлесіміз Мадина Жанбосынова жарыс­та алдына жан алмады. Әлия Әмірғалиева (Қостанай облысы) мен Яна Хан (Ақмола облысы) үздік үштікті түйіндеді.

Аралас эстафетада Ақмола облысының шорт-трекшілері чемпион атанды. Қостанай облысы күміске, Астана қаласы қолаға ие болды.

Көпсайыста ерлерден Денис Никиша (Ақмола облысы) жеңіске жетсе, Еркебұлан Шамұханов (Ақмола облысы) пен Нұртілек Қажғали (БҚО) одан кейін тұғыр сатысына көтерілді. Әйелдер арасында Ольга Тихонова (Ақмола облысы) бірінші болса, Мадина Жанбосынова (Астана қаласы) күміс, Яна Хан (Ақмола облысы) қола медальді еншіледі.

Спринтерлер сайысында (500 метр) Денис Никишаға тең келер ешкім болмады. Еркебұлан Шамұханов екінші, елордалық Абзал Әжғалиев 3-орын алды. Әйелдер арасында ақмолалық Яна Хан чемпион атанса, жерлесіміз Мадина Жанбосыноваға күміс, Әлия Әмірғалиеваға қола медаль бұйырды.

Ерлер эстафетасында (5000 метр) Ақмола облысы мәреге бірінші келді. Одан кейін Астана қаласы мен БҚО командасы жетті. Әйелдер эстафетасында (3000 метр) Қостанай облысы жеңімпаз атанса, БҚО күміс, Шымкент қаласы қола жүлде алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button