Шаһар шежіресі

Мұздағы сынақ

«Алау» мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан IV қысқы жастар спорт ойындары аяқталды. Үш күнге созылған бәсекеге 11 өңірден (3 қала мен 8 облыс) 100-ге тарта спортшы қатысты.

Ересектер арасында халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген ұлттық құрама өкілдері жүлдені өзара бөлісті. Ерлерден «ҚР спорт шебері» разрядында Михаил Шайдоров жеңіске жетсе (254,98 балл), елордалық спортшылар Диас Жиренбаев пен (209,71 балл) Рахат Бралин 2, 3-орын алды (200,94 балл).

Әйелдер арасында «ҚР спорт шебері» разрядында екі бірдей жерлесіміз үздіктер қатарынан көрінді. Елордалық Анна Левковец алтын медаль еншілесе, Нұрия Сүлеймен күміс жүлдегер атанды. Бұл сында алматылық София Фарафонова үздік үштікті түйіндеді.

Ерлер арасында «Спорт шеберлігіне үміткер» разрядында жерлесіміз Абай Садықов күміс жүлдегер атанды. Қыздар арасында «Спорт шеберлігіне үміткер» разрядында алтын медальді астаналық ару Зере Сарбалина еншіледі. «Бірінші спорт» разрядында тағы бір жерлесіміз Амирлан Кусанов 2-орынға тұрақтады. Астана қаласының спортшысы Ералы Шахимұрат ұлдар арасында «Екінші спорт» разрядында күміс жүлдегер атанды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button