Қоғам
«Мұздықтардан фермаларға» бағдарламасына арналған семинар өтті
2025 жылғы 30-31 қаңтарда Астана қаласында Жасыл климаттық қордың қолдауымен Азия даму банкі іске асыратын «Мұздықтардан фермаларға» (G2F) бағдарламасына арналған семинар өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Семинар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Пәкістан және халықаралық ұйымдардың өкілдерін аймақтық деңгейде фермерлерді қорғау, тұрақты сумен жабдықтау және азық-түлік қауіпсіздігі үшін сенімді негізді қамтамасыз ету мәселелерін талқылау үшін жинаған басты оқиға болды.
Е. Нысанбаев семинар шеңберінде аймақтық кеңестер өткізудің маңыздылығын атап өтті, ол халықаралық ұйымдармен және қатысушы елдермен өзара іс-қимыл арқылы 2026 жылы БҰҰ қамқорлығымен Өңірлік Климаттық саммитке апаратын жолға негіз болады.