Мәдениет

Музей құдіретін паш етті

Ұлттық музейде Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» шарасы аясында «Музей құдіреті» атты мәдени-танымдық кеш өтті

[smartslider3 slider=3027]

Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық Ұлан құрметті қарауыл ротасының және әскери оркестрлерінің салтанатты кешті бастап, «Астана Опера» театрының оркестрі, «Астаналық» цирк өнерпаздарының қойылымы, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының классикалық және эстрада бөлімінің концерті, театрландырылған экскурсия мен Нұр-Сұлтан қаласы «Шаңырақ» театрының көрінісі көрермен назарына ұсынылды.

«Жұлдызды гид» жобасы аясында халықаралық байқаулардың лауреаттары Рухия Байдүкенова, Ақерке Тәжібаева, Севда Әлиева, Әділхан Макин және тележүргізушілер Гүлназ Әлімгерей, Әйгерім Есенәлі келушілерді музей залдарымен таныстырды.

Музей қызметкерлері балаларға арналған ойындар мен викториналық сайыстар өткізіп, құнды жәдігерлерді қалпына келтіру үдерісі көрсетілді. Шара аясында Қазақстан бейнелеу өнерінің классик және заманауи суретшілерінің кескіндеме туындыларынан жинақталған тұрақты экспозициялық залының ашылуы өтті. Ән-би бағдарламалары, қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі және басқа да әсерлі дүниелер ұсынылды.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button