ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Музей жұмысымен танысты

Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен С.Сейфуллин музейін аралап, тұлғаның өмірі мен шығармашылығымен, сондағы жәдігерлермен жақынырақ танысты. Мәдени ошақ ұжымымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтетін шаралар жоспары мен музей жұмысын талқылады.

[smartslider3 slider=407]

Музей директоры, белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы 2015 жылдан бастап Сәкен ақынның тұлғасына қатысты кітап шығарылатынын айта келіп, биыл «Сырсандық» атты серияның 7-басылымы жарық көргенін жеткізді. Кітаптың бірінші томы «Сәкенді көргендердің көзімен» және «Сәкеннің салған ізімен» деген екі бөлімнен тұратын естеліктер екенін айтты. Осылайша жылына бір кітаптан шығарылады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button