2022 - Балалар жылы

Музейдегі жазғы демалыс

Биыл Ұлттық музейде Балалар жылының аясында қолға алынған «Музейдегі жазғы демалыс» жобасы тамыз айында да өз жұмысын ­жалғастыруда. Жобаның мақсаты – интерактивті танымдық экскурсиялар, ойын түріндегі іс-шаралар арқылы жеткіншектерге халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын таныстыру, музейге деген қызығушылықтарын ояту, балалардың жазғы бос уақытын пайдалы өткізу.

[smartslider3 slider=3726]

Жобаға еліміздің түк­пір-түкпірінен келген оқушылар қатысуда. Осы жолы Павлодар облысы Шарбақты ауданының ауылдарынан келген бір топ бала музейді тамашалады. Балалар қызықты ­экскурсияларға қатысып, музей экспозицияларымен танысып, өнер мен шығармашылық атмосферасына енді. Музей педагогтары балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға және дамытуға бағытталған шеберлік сабақтарын өткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button