Мәдениет

Музейге келушілер көбейді

Елорда төрінде орналасқан Ұлттық музейге келушілер қатары көбейіп келеді. Биылдың өзінде 87 мыңға жуық адам рухани орталыққа бас сұққан. Бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатыбалдин мәлімдеді.

музей

Ұлттық  музейдің экспозициялары ең жаңа көрме технологияларын пайдалану арқылы хронологиялық тәртіппен құрылған. Музейде Ежелгі және орта ғасыр тарихы, Алтын, Тарих, Этнография, Тәуелсіз Қазақстан, Заманауи өнер, Астана және уақытша көрме залдары қызмет жасайды. Сонымен қатар, келушілерге арналған қызықты мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Жыл сайын музейге келушілердің саны артып келеді. Оның ішінде шетелдік қонақтарымыздың саны басым. Нақты көрсеткіштерге сүйенсек, 2016 жылдың маусым айында «студенттер», «мектеп оқушылары», «үлкендер», «туристік топтар» сияқты категориялардың өскендігін байқаймыз. Бұл қуантарлық жағдай, себебі, халықтың музейге деген қызығушылығы артуда» дейді А.Сатыбалдин.

Ұлттық музей тек Астана қаласымен шектелмей, өңірлерде арнайы көрмелерді ұйымдастыруды қолға алыпты. Мәселен, Қазақстанның батыс өңірлерінде  Тəуелсіздіктің  25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ұлттық музей сенің қалаңда» мəдени туры аясында қазақ елінің басты жəдігері «Алтын адам» көпшіліктің назарына арнайы көрме ретінде ұсынылған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button