Мәдениет

Музейге тарту жасалды

Халықаралық музей күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайында «Музейге тарту» шарасы өткізілді. Аталған кәсіби мерекені әлемнің 140 елінен 40 мыңнан астам мүшесі бар музейлердің халықаралық кеңесі 1977 жылы белгілеген болатын.

[smartslider3 slider=2997]

«Музейге тарту» акциясының басты мақсаты – музей қорын мәдени-тарихи құндылығы бар экспонаттармен толықтыру, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтауға қоғамның назарын аудару болып табылады.

Акцияға майданда хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіру жасағының өкілдері, ғылым және өнер қайраткерлері, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің бастығы, полковник Нұртаза Асылов музей патриоттық тәрбиенің бір құралы ретінде Отан қорғаушысының санасын қалыптастыруға әсер етеді деді.

Осы шара аясында Қарағанды қаласының «Ардагер» ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының басшылығы және генерал-лейтенант Жансен Кереевтің немересі Ж.Артурұлы музейге құнды құжаттарды, жәдігерлерді, сондай-ақ тарихи тұлғаның тұтынған жеке заттарын табыс етті. Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес тарту етілген барлық экспонаттар музей қорында сақталып, көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Музей қызметкерлері қазір мемлекетіміздің мәдени құндылықтарын іздес­тірумен, ғылыми тұрғыда зерделеумен айналысып, түрлі экспедицияларға шығып, өзге өңірлердің музейлерімен де нәтижелі ынтымақтастық орнатып, табысты еңбек етуде.

 Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button