Мәдениет

Музей мерейтойына көрме ұсынды

Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» көрмесі өтіп жатыр.

Көрме экспозициясына жалпы саны 200-ге жуық кескіндемелік шығарма қойылған. Олардың арасында Әбілхан Қастеев, Әубәкір Ысмайылов, Орал Таңсықбаев, Салахитдин Айтбаев, Үкі Әжиев, Айша Ғалымбаева, Гүлфайруз Ысмайылова, Камиль Муллашев, Амандос Ақанаев, Ерболат Төлепбай, Алпысбай Қазығұлов, Ағымсалы Дүзелханов және тағы басқа көптеген қазақстандық танымал қылқалам шеберлерінің тамаша туындылары бар. Көрме «Қазақ кескіндемесіндегі тарихи сюжеттер», «Табиғат бейнелер – алуан түрлі пейзаждық мотивтер», «Қазақстан өнеріндегі суретші әйелдер», «Қазіргі заманғы өнер – жаңа есімдер» сияқты тақырыптық аймақтарға бөлінген.

Көрермен назарына үздік көркемсурет туындылары, гобелендермен қатар, дәстүрлі қолөнер, зергерлік және тоқымашылық өнер бұйымдары, музыкалық аспаптар ұсынылды. Экспозициядағы туындылардың басым бөлігі алғаш рет көрмеге шығарылды. Музей қорында сақталған бұл құнды жәдігерлердің бірқатарына күрделі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Экспозицияның ашылуында Бақыт Қайырбековтің «Су жолы» деректі фильмі ұсынылды. Қобыз, домбыра үнімен көркемделген фильмде Қазақстан табиғаты көрсетіліп, режиссер өлеңдері де оқылады.

Көрме осы жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button