Музыка пәнінің мұғалімі – ерекше мамандық
«Мұғалім – мектептің жүрегі». Мықты педагог, жақсы ұстаз – білім алушының жүрегіне жол тауып, армандарына қанат байлататын құдыретті жан. Осы ретте негізгі пәндермен қоса оқушылар жақсы көретін бір пән бар, ол – «Музыка» пәні. Бұл пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының шығармашылық қабілетін, эстетикалық-көркем талғамын, музыкалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Астана қаласы әкімдігіне қарасты №106 орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Гулсан Жаманқараеваның «Музыка мен ұлттық салт-дәстүр: әндердегі әдет-ғұрып» атты айрықша авторлық бағдарламасы туралы ерекше айтуға болады.
Айрықша пән
Музыка пәні оқушылардың алдыңғы біліміне қоса шығармашылықпен ойлауын, қиялын, елесін, есте сақтау қабілетін, назарын арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан музыка пәнінің мұғалімі пәннің мақсатын ескеріп, үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, оқушылардың бойында ерекше білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға ықпал ете алады.
№106 орта мектебі музыка пәні мұғалімдері жасаған бағдарлама өте өзекті – бағдарлама қазіргі қоғамда ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға және мәдени мұраны сақтау қажеттілігіне толық жауап береді. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін музыка арқылы дәріптеу – жастардың ұлттық санасын қалыптастыруда және рухани дамуына үлес қосуда маңызды рөл атқарады. Бұл тақырып қазіргі білім беру жүйесіндегі мәдениетаралық байланысты нығайту қажеттілігіне сәйкес келеді. Осы арқылы оқушыларды ұлттық әдет-ғұрыптарға жақындатып, музыкалық және эстетикалық қабілеттерін дамытуға әбден болады.
– Эксперименттік бөлімде қазақ әндерінің мазмұны мен олардың тәрбиелік мәнін терең талдау ұсынылады. Жұмыстың нәтижелілігін бақылау үшін жүйелі бақылау, сауалнама, және шығармашылық тапсырмалар қолданылады. Музыка пәніндегі осы бағдарлама оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашып, танымдық белсенділіктерін арттыра түседі. Бағдарлама мазмұнында ұлттық-этнографиялық материалдарды ғылыми тұрғыда жүйелі түрде қолдану педагогикалық ғылыммен тығыз байланысты, – дейді жоба жетекшілерінің бірі Гүлсан Кеңшілікқызы.
– Бағдарлама музыкалық білім мен тәрбие беру ісінде мәдени мұраны сақтау және оны кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелерін шешуге үлес қосады. Мұнда әндердің мазмұны, құрылымы мен тәрбиелік аспектілері терең зерттелген. Мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету үшін ұсынылатын нұсқаулықтар мен жаттығулардың алгоритмі нақтыланған,-дейді Самал Жамалықызы бізбен әңгімесінде.
Жұмыстағы жаңашылдық
Музыка пәнінің мұғалімі психолог қызметін қатар атқарып,әрбір баланың ішкі жан дүниесін сезіп, шабыттандыру арқылы олармен жылы қарым қатынас орната біліп, психологиялық жағымды орта қалыптастыра білуі маңызды. Бағдарламада жаңашылдық деңгейі жоғары. Оның себебі – қазақтың ғажайып халық әндерін оқу процесінде қолданып, ұлттық салт-дәстүрлердің
саздық бейнесін түсіндіру тәсілдеріне негізделуінде жатыр. Әндер арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бейнелеу идеясы білім беру мазмұнына жаңа серпін береді.
Сондай-ақ музыка пәні мұғалімдерінің айтуынша, жұмыстың ішкі бірлігі мен әдіснамалық негізін бағалау өзекті. Бағдарлама мазмұны құрылымдық бірлігімен және ішкі логикалық байланысымен ерекшеленеді. Әр тақырыптың әдіснамалық негізі жүйелі түрде қарастырылған. Музыкалық өнердің этнографиялық және тәрбиелік аспектілеріне баса назар аударылады.
Музыка пәні мұғалімдерінің күнделікті сабағы барысында, жұмыс барысында қолданған осы әдіс-тәсілдері жемісті нәтижесін көрсетуде. Жұмыстың нәтижелері бағдарламада көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге толық сәйкес келеді. Оқушылардың білім деңгейін бағалау, музыкалық қабілеттерін дамыту әдістері нақты және сенімді деп айтуға әбден болады. Мұны мектептегі музыка пәні сабағы барысында байқадық. Жүйелі бақылау арқылы алынған мәліметтердің негізділігі мен дәлдігі күмән тудырмайды.
Демек, бұл бағдарлама өте өзекті және ұлттық құндылықтарға сай негізделген тың, жақсы дүние. Ол мектепте, колледжде, және музыкалық білім беру мекемелерінде қолдануға бейімделген. Ұсынылған әдістер мен тапсырмалар оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама мазмұны мен құрылымы білім беру саласындағы ұлттық мәдениетті сақтау және оны оқыту процесіне енгізу мақсаттарына толық сәйкес келеді. Жұмыс ғылыми тұрғыдан негізделген, жаңашылдық элементтерімен байытылған және оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға дайын. Бағдарлама оқушылардың рухани дамуы
мен ұлттық құндылықтарды игеруіне оң ықпал етеді.
Сондай-ақ оқу құралының беттері нөмірленіп, мәтіні талаптарға сай рәсімделген. Жұмыстың мақсаты, мазмұны, түрі, нысаны және басқа да ерекшеліктері түсініктемелік хатта нақты және толық сипатталған. Құралдың көлемі жеткілікті, жазу стилі талаптарға сәйкес келеді. Мазмұны өзекті және қазіргі білім беру жүйесінің маңызды бағыттарына сай құрастырылған деп айта аламыз.
P.S. Бүкіл өміріміз музыкамен тікелей байланысты. Қуанышымыз бен қайғымыз да, жеңістер мен жемістеріміз де бәрі күйлер мен әндермен суреттелген. Осы орайда оқушы жастардың мектеп мұғалімдерінің ұлттық құндылықтарға бай бағдарламасы арқылы білім алуы қуантады.
Гүлшат САПАРҚЫЗЫ