Ел тынысы

Мылтық атудан алтын медаль ұтып алды

Астаналық спортшы Ангелина Сорокина VIII Халықаралық «Азия балалары» спорттық ойындарында атыс бойынша Алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

25 маусым мен 7 шілде аралығында Якутскіде «Азия балалары» VIII халықаралық спорттық ойындары өтіп жатыр. Жарысқа атқыштар спорт түрлері бойынша Қазақстан құрамасының атынан қатысатын 8 спортшы қатысады. Кезекті жарыс күні астаналық спортшы Ангелина Сорокина керемет өнер көрсетіп, чемпион атанды. «Скит» жаттығуында ол қыздар арасында алтын медаль жеңіп алды.

Ангелина – Астана қаласының № 9 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Айта кетейік, сегізінші халықаралық «Азия балалары» спорттық ойындарында 24 спорт түрінен 239 медаль жиынтығы ойналады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button