Жаңалықтар

Мыңға жуық жасты қамтиды

«Жастар практикасы» бағдарламасы соңғы үш жыл ішінде оқуды аяқтаған және 29 жастан аспаған ЖОО мен колледж түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.

[smartslider3 slider=1943]

2021 жылы «Жастар практикасымен» оқу орындарының 914 түлегі қамтылды, оның ішінде ЖОО түлектері – 750, колледж түлектері – 164. Биыл 29 жасқа дейінгі 998 жасты аталмыш практикаға жіберу жоспарланып отыр.

«Жастар практикасына» қатысу мәселелері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25, «Өркен» БО мекенжайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында КВИ ауруы жағдайларының тез өсуіне байланысты 2022 жылғы 19-31 қаңтардан аралығында қызметкерлер үшін толық емес жұмыс уақыты режимі белгіленді. Сондықтан жұмыспен қамту орталығы сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Баян Асылбекова

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button