
Елімізде 1000-ға жуық мектепте заманауи пәндік кабинеттер орнатылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық жерлерде мектептерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда.


«Мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөледі. 2023 жылдан бастап 2039 мектепте 3128 заманауи пәндік кабинет жабдықталды», — дейді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директорының орынбасары Роза Сембаева.
Сонымен қатар елде инклюзияны қолдау кабинеттері қарқынды ашылуда. Бүгінгі таңда елімізде 1080 қолдау кабинеті жұмыс істейді, оның 216-сы 2024 жылы ашылған. 2025 жылдың соңына дейін барлық балалар үшін қолжетімді және жайлы оқытуды қамтамасыз ететін тағы 83 кабинетті іске қосу жоспарланып отыр.