Жаңалықтар
Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, мемлекет және қоғам қайраткері
– «Нұр Отан» партиясының саяси
доктринасы қазақ зиялыларының көптен күткен стратегиялық бағдарламасы деуге болады. Себебі, онда ұлттың тағдырына, болмысына, тағылымына қатысты игіліктер қамтылды. Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған қазақ тілінің өмірдің барлық саласында үстемдік етуі, Қазақ мемлекеті аталады деген ойлары көшбасшы партияның стратегиясында көрініс таппақ. Міне, бағдары ғасырға жететін тағдырлы, жал-құйрығын түйген тұлпардай жаңа құжат дүниеге келді. Бұл – болашаққа бастайтын құжат.