Мәдениет

Мысырлықтар Абайдың мұраларын насихаттады

Мысыр Премьер-министрінің қолдауымен 11-ші Каир халықаралық дәстүрлі өнер және поэзия фестивалі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мысыр Мәдениет министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссияның шешімімен Абай Құнанбайұлының мұрасы «Адамзат өркениетіне қосқан үлесі» үшін арнайы марапатқа ие болды.

Арнайы ескерткіш сыйлық пен оның куәлігін Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігіне салтанатты түрде табыс етілді.

Халықаралық фестивальдің негізін қалаушы Интисар Абдел Фаттахтың хабарлауынша аталған фестивальге Жапония, Колумбия, Қытай, Үндістан, Палестина, Оңтүстік Судан, Мавритания өкілдері және Мысырдың әртүрлі аймақтарынан келген 30-дан астам шығармашылық топтар қатысты.

Баршамызға мәлім, Пирамидалар елінде 1998 жылы Каир қаласының Маади ауданындағы көшеге Абай есімі берілді. Сонымен қатар 2016 жылдың қазан айында Ніл өзенінің жағалауында орналасқан әлемге танымал тұлғаларға арналған халықаралық саябақта қазақтың ұлы ақыны Абайдың ескерткіш бюсті орнатылды.

11-ші Каир халықаралық дәстүрлі өнер фестиваліне қатысқан ақын-жазушыларға Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі араб тіліне аударған Абайдың қара сөздері мен басқа шығармалары енген кітаптарды сыйға таратты.

Сондай-ақ Елшілік Абай Құнанбайұлының туындыларын дәріптейтін арнайы ескерткіш сыйлық пен оның куәлігін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына табыстайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button