Ел тынысы

«Набат операциясы»  фильмі көрерменге жол тартты

Астанада шынайы оқиғаға негізделген «Набат операциясы»  фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. 2 мамырдан бастап фильм кинотеатрлардан көрсетіледі.

Кинокартинаны Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының», ІІМ қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

«Қазір кино өнерінде үлгі боларлық қаһармандарды көрсету, әсірісе патриотизмге баулу тұғырда тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселесін ерекше алға тартты.
«Набат операциясы» фильмі осы үдеден шығады, ол Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының көзсіз ерлігін дәріптейді. Орталықтың мақсаты осындай отандық фильмдерге жаңа леп беру», – деді «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Айта кетейік, фильмнің қоюшы режиссері – Рашид Сүлейменов. Қоюшы-операторы – Ернұр Рыспаев. Сценарий авторлары – Ильхам Джалилов, Рашид Сүлейменов, Рустам Азаматов.

Фильм 1992 жылы кезеңдестіру кезінде қашып кеткен 6 тұтқынның әрекетін баяндайды. Олар Шиелі стансасы маңында қалааралық автобустың жолаушыларын кепілге алған. Ұзақ келіссөздерден кейін қарақшылар ұшақ талап етті. Бірақ нақты жоспарланған операцияның нәтижесінде барлық қылмыскерлердің көзі жойылды. Кепілге алынғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл бірде-бір адам жараланбаған әлемдегі бірінші операция болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button