Денсаулық

Нағыз ­шипагерлер

Ол өз ғұмырында адамдарға мейірімін төге отырып, қызмет көрсетуді жөн санады. Сөйтіп, денсаулық саласын таңдады.

[smartslider3 slider=3269]

 

– Ата-анамның тәрбиесі солай болды: ешкімге қиянат жасамау керек, адамның ала жібін аттамау керек. Өмірлік қағидам осылай қалыптас­ты. Әкем Мұрат Сиқымбаев ұстаз еді. Ұзақ жыл мектеп директоры болды. Анам ­Айтжамал Нұрсалиқызы сол кездегі жинақ банкінің есеп қызметкері болатын. Ұлттық құндылықтың өз өміріміздегі тура бағыты екенін ­ата-анам арқылы түсіне білдім. Жүректе имандылық болса, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді асқақтата аламыз. Мұндай қасиет әсіресе дәрігерге аса қажет деп ойлаймын. Сырқатты емдей отырып, жүрек жылуын бере білсеңіз, ем шипалы болады, – деп бастады әңгімесін елордадағы №6 емхананың күндізгі емдеу бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Мұратқызы.

«Қала үлкен. Бізге келіп, емделіп, денсаулығын нығайтушылар баршылық. Аты айтып тұрғандай, күндізгі бөлім бөлімше дәрігерінің жолдамасымен келгендерді қабылдайды. Жұртқа қолайлы болуы үшін апта бойы үзіліссіз ем алушыларды қабылдаймыз. Жұмыс таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге дейін жалғасады. Демалыс күндері дәрігер, кіші медбике қызметкерлері ауысыммен істейді» дейді дәрігер.

Бөлім жетекшісі Гүлнар Мұратқызы – Алматы медицина институтының түлегі, осы салада 31 жылдан бері еңбек етіп келеді. Дәрігерлер Зухра Қуандықова, Әсел Жүнісова, Эльмира Көпеева, Жұлдыз ­Серікова, ­Гүлмарал Бегімова бар білімі мен тәжірибесін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап келеді. Сондай-ақ аға медбике Сара ­Қожахметова, Айгүл ­Төреханқызы, Маржан ­Қалыбекова, Зинат ­Басарова, Айсұлу ­Орынбасарова, ­Мәдина Мұртазина, Айша Ілешованың тынбайтын еңбегі емделушілердің көңілінен шығып келеді. Емделушілер ақ халатты ару қыз-келіншектерді «нағыз шипагерлер» деп мақтан етеді. Мереке құтты болсын, емделушілердің құрметіне бөленген ақ желеңді арулар!

 Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ,

Қазақстанның

құрметті журналисі

 

Суретте: ­күндізгі

емдеу бөлімінің

меңгерушісі

Гүлнар ­СИҚЫМБАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button