Сұхбат

Найль НУРОВ, «Алау» мұзайдыны сарайының директоры: ӘЛІ ТАЛАЙ РЕКОРДТАР ЖАҢАРТЫЛАДЫ

– «Алау» мұзайдыны сара­­йы коньки тебуден барлық қашықтық­та­ғы ең жоғарғы нәтиже бойынша әлем­дік рейтингте қай сатыдан көрін­ді?
– Әлемдегі 645 мұз айдыны іші­­нен барлық қашықтықтағы уа­қыт­­ бойынша ерлер арасында­ ал­­тын­­­­шы орынды иеленсек, әйел­­­дер арасында­ он бірінші тұ­ғыр­­­­ға жай­ғастық. Бұл­ – үлкен көр­­сет­­кіш. Мұндай же­­тіс­­тік­ке же­ту­­­дің бас­ты себебі – «А­лау» жыл­­дам мұз­­ жасауға мүм­­кін­дік бе­­ре­­тін за­­ма­науи жо­ғар­ғы тех­но­ло­­гия­лық құрал-жаб­дық­тар­мен жаб­дық­талған әрі әлемдік дең­гей­де­гі сарай. Сондықтан, алдағы уақыт­та біздің айдында әлі талай рекордтар жаңартылатыны сөзсіз.

– «Алау» алғаш пайдалануға берілген сәттен бастап қандай рекордтарға қол жеткізді?
– Әлемдік тәжірибеде алғаш ашыл­­­ған­ мұз­ай­дын­ са­рай­ла­ры­ның­ қа­­да­мы­ сәт­сіз­ бо­лып­ ке­ле­ті­ні­ бел­­гі­лі. Бұл ретте біздің «Алау» бірін­ші күндердің өзінде рекордтық көр­сеткіштерге қол жеткізді. Менің ойымша, бұл сарайдың әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді. Өйткені, әрбір жарыс соңында жабдықтар дәлме-дәл күйге келтіріліп, сапасы арттырылады, құрылыс шаңдары тазартылып, судың ыңғайлы пара­метр­­лері сұрыпталады. Сондықтан да, Азия ойындары кезіндегі 9 кон­ти­ненттік рекорд, мамандардың айтуынша, асар асулардың шегі емес. Мұны бүгінгі жетістігіміз де айқындап берді.

– Айдынның жұрт бі­ле­­ бер­мей­тін қандай артықшы­лық­тары бар?
– «Алау» – бұл кәсіби спорт­шы­ларға да, әуесқойларға да спортпен айналысу үшін кешенді қызметтер ұсынатын спорттық орталық. Мұн­да ірі халықаралық жарыстар, оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Ас­та­на­лық оқушылар коньки тебу, мә­нер­леп сырғанау және хоккей­ спорты бойынша жаттығады. Әлем­ кубогы өткізілгеннен кейін же­ңім­паздар айдыны әуесқойларға да қолжетімді болды, яғни, жап­пай­ сырғанау күндері мұнда символ­дық­ құны үшін әр қалаушы өз конькиімен кіре алады. Бұл өз ке­зе­гінде Астанада бұқаралық спорт түрін дамытуға мүмкіндік деп ой­лаймын. Сонымен қатар, фитнес-орталық, әмбебап спорт зал, СПА-орталық, төрт жұлдызды қонақ үй, мейрамхана есігі астаналықтар мен қала қонақтарына әрдайым ашық.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button