Sport

НАМЫСТЫ ҚОЛДАН БЕРМЕДІ, ЖАМБАСЫ ЖЕРГЕ ТИМЕДІ

image48620Біздің палуандар қазақша күрестен өткен тұңғыш халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде қарсыластарының бәрінен басым түсіп, абыройымызды асқақтатты.

«Тараз-Арена» спорт сарайында өткен жарысты «Қазақстан» ұлттық арнасымен қатар ресейлік «Боец», Түркияның «TRT-AVAZ» арналары арқылы әлемнің 120 еліне тікелей эфирде таратылатыны туралы әу баста хабарланған еді. Соған қарап-ақ бұл турнирдің салмағы қаншалықты екенін көпшілік алдын ала ұқса керек.

Бес палуанын Азия мен Еуропадан жиналған сегіз елдің арасында Моңғолия, Тәжікстан, Иран, Ресей, Польша, Түркия, Қытай және Қазақстан құрамалары болды.

Ұлттық құрамамыздың сапында Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов, Мұхит Тұрсынов және «Қазақстан барысы» турнирінің соңғы жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев бар еді. Жарыс басталмай жатып-ақ моңғол палуандары ең қауіпті қарсылас саналғанмен, ақтық сында олар өзіміздің жігіттерге айбат көрсете алмағанына көпшілік куә болды.

Турнир қорытындысы бойынша бас жүлдеге, сондай-ақ 50 мың  АҚШ долларына Қазақстан құрамасы ие болса, екінші, үшінші орындарға Моңғолия (30 мың АҚШ доллары), Ресей (10 мың АҚШ доллары) палуандары көтерілді.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button