ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Нан бағасы тұрақты болады

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру үшін 10 мың тонна ұн сатып алынады. Қала әкімдігі жанындағы комиссия отырысында «Жайма» МТС» және «Төңкеріс» ХПП» серіктестіктеріне жеңілдікпен несие беру шарттары жасалды.

[smartslider3 slider=221]

Бөлінген қаржыға 10 мың тонна ұн қорын жасақтау көзделген. Оның 5 мың тоннасы осы жылдың соңына дейін бірінші сұрыпты ұннан жасалған «әлеуметтік нанның» бағасын тұрақтандыруға жұмсалуы тиіс. Ұн 3000-нан астам сауда нүктесіне нан жеткізіп отырған қаланың ірі наубайханалары «Карунд», «Столичный хлеб» серіктестіктері, «Халық нан», «Шах», «Хлебный край» жеке кәсіпкерліктеріне үлестіріледі. Қазір бұл нысандармен тиісті шарттар жасалып жатыр.
Наннан бөлек өзге де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында елорда әкімдігі «айналым тетігі» жобасын, тұрақтандыру қорын, маусымдық жәрмеңкелерді ұтымды қолданып отыр. Биыл «айналым тетігі» жобасына қатысушылардың саны артып, сауда желілеріне азық-түлік сатып алуға бөлінетін қаржы ұлғайтылды. Сауда нысандарының айналымын қамтамасыз ету мақсатында қосымша 2 млрд 700 млн теңге бөлінеді. Жобаға «Magnum», «Анвар», «Астықжан», «Кенмарт», «Вкусмарт», «Аян», «Ақмол», «Шапағат», «Small», «Сарыарқа» тәрізді ірі сауда нысандары қатысып отыр. Астық өнімдері, көкөніс, ет және сүт өңдеумен айналысатын кәсіпкерлермен алдын ала келісімшарттар жасалды. Осылайша 14 мың тонна көкөніс қоры қамтамасыз етілді. Көкөністер, ұн, сиыр етін және т.б. азық-түліктің бағасын бірқалыпты ұстап тұру мәселесі пысықталуда. Бағаны тұрақтандырудың тағы бір тетігі  – ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу. Республика өңірлерінің қатысуымен өтетін жәрмеңкелер 21 тамыздан басталды және қазан айының соңына дейін жалғасады. Күзгі жәрмеңкелерде 2 мың тоннадан астам өнім саудаланды. Сонымен қатар тартылған инвестициялар есебінен елордада 3 көтерме сауда орталығы мен екі жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде. Мұндай нысандар да бағаның тұрақтануына оң ықпал етеді деп күтіліп отыр.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button