Жаңалықтар

Нақ-нақ. 12 қазан

Сарыарқа ауданында өткен 9 айда өрт шығу жағдайлары 12,5%-ға азайды. Тексерістен кейін ауданның 65 учаскесінде
өрт қауіпсіздігін сақтамауға байланысты орын алған кем­шіліктер жойылды.
* * *
Астанада 22-25 қазанда өтетін «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» байқауының ақтық турына 500-ден астам мүмкіндігі шектеулі жан қатысады. Онда қатысушылар 10 аталым бойынша жарысып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталады.
* * *
Астананың Ш.Иманбаева көшесіндегі 8-үйде балалар мен жасөспірімдерге арналған «Архат» аула клубы ашылды. Онда каратэ, шахмат, йога, қолданбалы өнер, қойын-қолтық ұрыс, қазіргі заманғы би секциялары жұмыс істейді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button