Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

Биылғы WSB финалы елордада өтеді

Бүкіләлемдік WSB бокс сериясының үшінші маусымының финалы биылғы жылдың мамыр айында Астана қаласында өтеді. «Бұл туралы «Astana Arlans» пен  «German Eagles» осында қорытынды жекпе-жектерін өткізіп, тараптар түпкілікті шешімге келгеннен кейін ғана белгілі болды.

Жұмыссыздар азайған

Қалалық мәслихатта «Жұмыспен қамту – әлеуметтік қорғау негізі және халықтың өмір сүру сапасын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаеваның мәлімдеуінше, елордада жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы 6,2%-дан 2012 жылы 5,6% -ға дейін қысқарған. Соның ішінде жастар жұмыссыздығы 2010 жылғы 11,2%-дан 2012 жылы  8,2%-ға азайған.

Қала қардан тазарып жатыр

Төтенше жағдайлардың алдын алу, зардаптарын жою жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия қала аумағында су тасқынын болдырмау жөнінде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Қала аумағын қардан тазартуға тәулік бойы екі ауысымда 794 арнайы техника мен аула ішін тазартуға 227 техника жұмылдырылған. Басты назар жеке сектор мен әлеуметтік маңызы бар нысандарға аударылады

 КЕШЕ

Қазіргі заманғы өнер мұражайында Анатолий Гаркаловтың Халықаралық әйелдер күніне арналған жеке көрмесі ашылды.

БҮГІН

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялықказақ музыкалық-драма театрында Қ. Шаңғытбаев пен Қ. Байсейітовтің «Қыздар-ай»   

музыкалық комедиясы қойылады.

ЕРТЕҢ

«Жастар» сарайында сағ. 16.00, 18.30 және 21.00- де «Шаншар» әзіл-сықақ театрының мерекелік концерті өтеді.

 

*ЖЕДЕЛСӨЗ

Ләззат ҚҰСАЙЫНОВА, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы:

         АСТАНАЛЫҚ АРУЛАР БЕЛСЕНДІ

 –Астанадағы әйелдердің еңбекпен қамтылуы, белсенділігі қандай дәрежеде?

–Елордада 26 жергілікті атқарушы орган бар. Осылардың алтауын әйелдер басқарып отыр. Бұл 23% пайызды құрайды.  Гендерлік теңдікке бірден жету мүмкін емес қой. Сондықтан ұлттық комиссияның шешімімен теңдікке жетудің алғашқы деңгейі 30 пайыз деп белгіленген. Егер осы пайыздық өсімге жеткен жағдайда, жақсы жұмыс жүргізілді, нәтижеге жеттік деп айтуға болады. Бізде биыл 23 пайыз, былтыр 27 пайыз, алдынғы жылы 24 пайыз болған.  Биылғы көрсеткіш төмендегеннің себебі – мекемелердің саны көбеюі.

–Әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысу белсенділігі жөнінде не айтар едіңіз?

–Кәсіпкерліктің даму жөніндегі жүргізілген талдау бойынша кәсіпкерлік қызметпен белсенді айналысатын әйелдердің саны жыл сайын өсуде. Әйелдер кәсіпкерлігі соңғы бес жылда дами бастап, 9,5 % құрады. Әйелдер басқаратын бизнес көбіне: үй шаруасы қызметі (88,7 %), білім беру (80,2 %), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет (72,1 %), өнер, көңіл көтеру және демалыс (71,0 %), әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласындағы қызмет (62,5 %), қоныстану және тамақтану бойынша қызметтерде (60,8%) .

Бүгінде әйелдердің орташа айлық жалақысы қандай деңгейде?

2012 жылы Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жұмыс іздеп 7997  әйел хабарласқан. Оның ішінде  3552 әйел жұмысқа орналасты.

ерлер – 2030 адам. Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметі бойынша орташа айлық жалақы әйелдерде – 127127 теңгені құрады.

 «Қаламқас» концерт қойды

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың тікелей қолдауымен «Қаламқас» халық ән-би ансамбілінің «Астанаға – Шыңғыстау – Абай өңірінің ән-күй шашуы» атты мерекелік концерті өттi. 1972 жылы құрылған «Қаламқас» ән-би ансамблі өткен жылы өзінің 40 жылдық мерейтойын тойлады. 1973 жылы Чехословакияның Стражница қаласында өткен этнографиялық өнер ұжымдарының әлемдік сайысында Одақ намысын абыроймен қорғап, Түркия, Чехословакия, Венгрия, Қытай мен Ресей сынды елдердің сахнасында қазақ әнiн әуелеттi. Кезінде «Қаламқастың» құрамында Болат Баймұратов, Ғаббас Қасымов, Төкен Сәкенов, Роза Сәкенова, Баян Сағымбаева сынды дүлділдер қызмет етті. Солардың қатарындағы Бақыт Шағатаева мен Тамара Көзбаева әлі күнге дейін осы ансамбльдің құрамында. Сахнадан ән әуелеткен қос қайраткер, бір сәтке де көрерменін жоғалтқан емес. Атақ, құрметке бөленіп, Елбасы қолынан да марапат алған. Бүгінде «Қаламқас» халық ән-би ансамблі шетел асып өнер көрсетпесе де, ел сахнасында үлкен беделге ие. Бай репертуарларымен, көпті тәнті еткен ансамбльдің ізбасар жастары да көп.

Қарияны құттықтады

Сары­ар­қа ауданының әкі­­мі Ермек Ос­­панов қа­­ла­­ның тұрғыны Нұр­­жә­­ми­­лә Құрдыбаеваны 100 жас­­қа­ толу ме­рейтойымен құт­­тық­­тады. Ермек Сабыр­бек­­ұлы қа­­рияны көк­­темнің ке­­ремет мерекесімен жә­не ту­­ған күні­­мен құттықтап, зор ден­­­саулық, отбасына амандық, құт-береке ті­­леді. Сондай-ақ, ұзақ ғұмыр иесіне естелік сый­­лық пен құттықтау хат тап­­сырды.

«Астана таҢдауы» жасалады

Елордада әр мамандықтың үздігін анықтауға бағытталған «Астана таңдауы-2013» жалпықалалық байқауы  басталды. Ол осы шаһарда бізбен бірге өмір сүріп жатқан нақты кейіпкерлер, сан-алуан мамандық иелері туралы  кеңінен әңгімелеу мақсатында өткізілуде. Байқау екі жыл қатарынан әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылуда. Өткен жылы  бұл бәйге қоғамда үлкен қызығушылық туғызды.

Байқауды ұйымдастырушылар 60-тан астам өтінім қабылдады. Астана қаласының ресми сайтында байқауға қатысушыларға 30 мың­­нан астам адам дауыс беріп, «Пе­­дагог», «Қоғамдық көлік жүр­­гі­­­зушісі», «Учаскелік инспектор», «Дәрігер», «Энергетик», «Жолшы» және «Құрылысшы» ата­­лым­­да­­­ры бойынша үздік қалалықты таң­­­­дады. Байқаудан кейін әр ке­­йіп­­кер туралы қысқа метражды фильм түсіріліп, жеңімпаздардың фо­­толары бил­­борд­­тарға ілінді.

Биыл ұйым­дас­ты­ру­шы­­­­лар бай­қау­­ға одан да зор қы­зы­­­­ғушылық болады деген се­­­­німде. Өтінімдер қабылдау 1 ма­мыр­­дан 30 мамырға дейін жал­­ға­­са­ды. Жеңімпаздар Астана күні қар­­­­саңында қаланың astana.kz. ресми сайтында дауыс беру жолымен 20 маусымнан 6 шілдеге де­­йін анықталады. Байқауға қа­­ты­­суға тілек біл­діруші as*****************@gm***.com. мекен­жа­­йы бойынша өті­­німін жібере алады.

Еркежан СӘТІМБЕК

ӘСЕРЛІ ӘН-ШАШУ 

Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Ән кеші аудан әкімі Ермек Ос­па­­нов­­­­тың әйелдер қауымына ар­­нал­­ған құттықтау сөзімен басталды.

Салтанатты шараны «Ана» атты әнімен кішкентай ғана бүлдіршін – «Гүлдәурен» ансамблінің әншісі Ақмарал Оспан бастады. Артынша «Наз» би театрының өнерпаздары «Шернияз» биімен жұрт қоша­ме­тіне бөленді. Сонымен қатар, «Юнос­­ть Астаны» ансамблінің ән­­ші­­сі Әмина Мадиева ана туралы әсем ән тарту етті.

Концертке арнайы шақырылған эстрада жұлдызы Медет Шайкенов пен Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының әншісі Нұрбол Ба­­­­лапанов жиылған көпшілікке әуез­­ді әндерімен көтеріңкі көңіл-күй сый­­­лады.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button