Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ

Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында Қазақстанның филармониялық қо­­­­ғамдары шығармашылық ын­­­ты­­мақтастық туралы ме­­мо­­рандумға қол қойды. Енді елі­­міз­­дің филармония әртістері республика қалаларына жиі гас­­троль­­дік са­­парға шығып, кө­­рер­­мендерді қуан­­татын болады.

Құжатқа қол қойған тараптар кон­церттер кестесін белгіледі. Келісім бойынша әртістер ұжымы маусымына бір рет біріккен гала-концерт өткізіп, онда үздік  әртіске грант тапсырылады.

БАЛҒЫН ШАХМАТШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

Астанада классикалық шахматтан рапида мен блиц бойынша Қазақстанның балалар біріншілігі басталды. Чемпионатқа 400-ге тарта жас үміткер қатысуда.

Турнир 8,10,12,14,16 және 18­ жас санатындағы ұлдар мен қыз­­дар арасында өтеді. Же­ңім­­паз­­дар осы жылдың жазында Біріккен Араб Әмірлігінде болатын балалар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қор­­ғай­­ды. Екінші орын алған ба­­ла­­лар жас­­тар арасындағы Азия чем­­­пио­­натына жолдама алады.

Жарымжандарды жебеді

Астанада компьютерлік сауат­ты­лық, іс қағаздарын жүргізу жә­не тігінші мамандықтары бо­­йын­­­ша курстарды бітірген мү­­ге­дек жандарға сертификаттар та­быс етіл­ді. Оқуды аяқтаған 2 мү­­гедек жұ­­мысқа орналастырылды.

Жалпы, 2013 жылдың соңына дейін кемінде 252 адамға білім беру жоспарланған. Қажет болса, жарымжандар оқитын жерлеріне апарып, әкелінеді. Бұған қоса, білім алған 20 адам жыл соңына дейін жұмысқа орналастырылады.

Кеше…

Астана қаласы Алматы ауданы әкімі­нің аппараты Интернациональ­­ный кен­тінде Наурыз мейра­мы­­на ар­нал­ған мерекелік шара ұйым­дас­тыр­ды.

Бүгін…

Көктал тұрғын алабындағы №20 ор­­та мектептің алдында Сарыарқа ау­­да­­­нының ұйымдастыруымен концерт болады.

Ертең…

«Жастар» сарайында «Ақ көгер­шін»­ VII халықаралық балалар шы­­ғар­­­ма­шы­­лығының конкурсы өтеді.

Сансөйлем…

 Биыл 22-24 мамыр аралығында өтетін VI Ас­­та­­на экономикалық форумына 60 мемлекет­тің мәртебелі тұлғалары, 10 Нобель сый­­лығының лауреаты, 40-тан аса ірі кор­­по­­рацияның жетекшісі, 11 мемлекет және үкі­мет басшысы қатысады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button