Қала мен Сала

Нақ-нақ 24 қазан

Астанаға «Е-жедел жәрдем» жобасы аясында 23 жаңа санитарлық көлік сатып алынады. Бұл жедел медициналық жәрдем жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

30 қарашада «Қазақстан» орталық концерт залында француз  әншісі Патрисия Каастың концерті өтеді. Концерт Қа­зақстандағы Франция жылы аясында ұйымдастырылмақ.

Астаналық бірқатар мекемелер бюджетке 13 млрд теңге салық төлеуден жалтарған. Осы мәселе бойынша Астана қалалық қаржы полициясы 47 қылмыстық іс қозғады.

Қалада  соңғы  9 айда шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 6,5%  көбейіп, 178305 адам болды. Сондай-ақ, қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі артты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button