Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

Филологтар съезі өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қазақстандық филологтардың I съезін өткізді.

Съезде білім беруді жаңғыртудың контексіндегі тіл мен әдебиетті оқытудың басым міндеттерін белгілеу, білім беру ұйым­дарында мемлекеттік тілді оқы­тудың формасын жетілдіру сынды өзекті мә­селелер талқыланды.

Жобалар конкурсы жарияланды

«Болашақ» бағдарламасының тү­лек­тері «Astana Startup Weekend – 2013» инновациялық жобалар конкурсына қатысады. Конкурсты «Astana Innovations» АҚ, Халықаралық бағ­дарламалар орталығы» АҚ және «Болашақ» қауымдастығы бірлесе ұйымдастыруда.

Өрт сөндірушілер жарысты

№5 Өрт сөндіру бөлімінің «Құлагер» спорт кешенінде қалалық жас өрт сөндірушілер жасақтары арасында жарыс өтті.

Қалалық жарысқа қатысушы командалар мамыр айының басынан бері аудандық іріктеу сындарынан өткен. Солардың ішінен іріктеліп алынған 6 команда финалдық жарыста бақ сынады.

Кеше…

Астана қаласы прокуратура органдарының қоғаммен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі мақсатында қалалық прокуратурада ашық есік күні өтті.

Бүгін…

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Еркін Жуасбектің «Үйлену» музыкалық комедиясы қойылады.

Ертең…

Бүкіл әлем 30-ыншы рет халықаралық ЖИТС-тен (СПИД) көз жұмғандарды еске алу күнін атап өтеді. Мамыр айының үшінші жексенбісінде  аталып  өтілетін  жыл  сайынғы шараның биылғы ұраны  «Тілектестік белгісі ретінде» деп аталады.

Сансөйлем…

Биылғы жылдың басынан бері Астана қа­ласының полиция қызметкерлері 22000-нан аса әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаса, оның 1918-і ұсақ бұзақылық қатарына жатады.

Құлаққағыс…

2013 жылғы 20 мамыр күні сағат 11.00-де Қазақ Ұлттық Өнер университетінде көрнекті жазушы, белгілі драматург, Мемлекеттік сый­лықтың иегері  Әкім  Таразидың  оқырман­дар­мен шығармашылық кездесуі өтеді.

Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары!

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Сіздерді өнер шеберлері мен славян этномәдени бірлестіктері шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін Славян жаз­­балары және мәдениеті күніне арналған концертке шақырады.

Концерт 2013 жылғы 24 мамыр күні сағат 18:00-де мына мекенжайда өтеді: Астана қаласы, Республика даңғылы, 2; «Назарбаев орталығы».
Келем деушілерге есік ашық!

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button