Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

Кен-металлургия конгресі

12 маусым күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында IV Халық­аралық кен-металлургия конгресі өтеді. Биылғы жиынның тақырыбы: «Әлемдік экономиканың тұрақсыз жағдайында кен-металлургия ке­шенінің технологиялық дамуы».

Халықаралық сертификат табысталды

Астанада GMP бойынша «Фар­мацевтикадағы тиiстi өн­дiрiстiк тәжiрибе – сапаның жоғары стан­дарттарына жол» атты I Ха­лық­аралық конференция өтті. Оның барысында Santo Member of Polpharma Group («Химфарм» АҚ)
қазақстандық зауытына GMP стандартының халықаралық сертификаты табысталды. Отандық зауыт аталмыш сертификатқа ие болып отырған еліміздегі төртінші компания.

Екі жертөле цехы әшкереленді

Астанада аудиокөрнекі кон­трафактілі өнімдерді дайын­дап келген 2 жертөле цехы әш­­кереленді. Жертөледегі цехтар­ды «Заңсыздық», «Қамту» шұғыл алдын алу іс-шаралары кезінде Зияткерлік меншік құқығы бө­лімі мен қалалық ІІД ББ «К» бөлімшесінің қызметкерлері анықтады.

Туды көтеру салтанаты

ҚР Мемлекеттік рәміздер кү­ніне орай Ішкі әскердің Бас қолбасшылығы бөлімшесінде Мемлекеттік туды көтеру салтанаты өтті. ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскердің Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов үздік әскери қызметі үшін бірқатар сарбаздарға алғыс хаттарды табыс етті.

Кеше…

Тәуелсіздік сарайында Қырғыз суретшілерінің көрмесі ашылды.

Бүгін…

Қ.Қуанышбаев атындағы Мем­лекеттік академиялық қазақ музы­калық драма театры Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Қыздар-ай» музыкалық комедиясы қойылады.

Ертең…

Тәуелсіздік сарайында сағат 19.00-де әнші Заттыбек Көпбосыновтың шығармашылық кеші өтеді.

Сансөйлем…

Астанада азық-түлік тауарлары мамырда – 0,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,1%-ға, ақылы қызметтер – 0,1%-ға қымбаттады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button