Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

«Астана самалы»

Қала күні қарсаңында «Астана самалы» атты үрмелі аспаптар ор­кестр­лерінің халықаралық фестивалі өтеді. Онда елорда тұрғындары мен қонақтары дабыл мен трубаның мықты әрі әуезді дыбысымен әрленген бірегей думанның куәсі болады.

«Опералия-2013»

Елорданың 15 жылдық мерейтойына орай «Қазақстан» орталық концерт залында VIIІ «Опералия-2013» Халықаралық фестивалі аясында опе­ра өнері шеберлерінің қатысуымен «Әлемдік опера жұлдыздары» атты гала-концерт болады.

Ван Гогтың көрмесі

Астаналықтар ұлы суретші Винсент Ван Гогтың шығармашылығымен та­­нысу мүмкіндігіне ие болмақ. 10 мау­­сым күні Назарбаев орталығында әлемге әйгілі голландтық суретші-пост­импрессионист картиналарының көшір­мелері қойылған көрме ашылады.

«Біржан мен Сара»

Маусым айының аяғында 1250 орынға есептеліп салынған «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының кермесі қиылмақ. Жаңа өнер ордасының шымылдығы қазақ опера өнерінің жауһары – композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсымен түрілмек.

«Армысың, мәртебелі тіл!»

Астананың 15 жылдық мерейтойы­на орай елордалық Тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен кеше кешкісін «Жастар» сарайында «Армысың, мәртебелі тіл!» атты интер­активті шоу өтті. Шараға Досымжан Таңатаров, Ибрагим Ескендір, Айгүл Елшібаева, Медет Шайкелов сынды қазақ эстрадасының жұл­дыз­дары қатысты.

Кеше…

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сағ. 18.30-да Ғ.Мүсірепов пен Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» му­зы­калық драмасының премьерасы өтті.

Бүгін…

«Бәйтерек» монументі жанындағы алаңда велосипедшілердің жарысы бас­талады. Олардың қатарында «Giro d’Italia» триумфаторлары – «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров пен капитан Винченцо Нибали бар.

Ертең…

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында сағ. 18.30-да А.Вальехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасы сахналанады.

Сансөйлем

«Астана таңдауы» байқауы қала тұр­­ғындары арасынан 7 мамандықтың үздіктерін іздеуді жалғастыруда. Бүгінде бай­қаудың «үздігі» атануға лайықтымын деген 160 адамнан өтініш түсті.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button