Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

Кросс-кантри жарысы

Астанада әуесқойлар арасында кросс-кантриден «XC Open Pit 2013» жарысы өтті.

Кросс-кантри – тау велосипеді спортының бір түрі. Жарыста жоғары өрлеп, төмен құлдилап, жылдамдық пен техникалық біліктіліктің түрлі кедергілерінен өтеді.

Кольбер ұрпағының көрмесі

Қазақстандағы Франция жылы аясында Франция елшілігі мен «Has Sanat» өнер галереясы француз суретшісі Анна де Кольбер-Христофоровтың көрмесін ұйымдастырды. Анна де Кольбер-Христофоров – танымал француз әулеті Кольберовтардың ұрпағы. Оның көрнекті өкілі – француз саясатшысы, қаржы министрі болған Жан-Батист Кольбер.

Биіктен құлап, көз жұмды

Астананың Сарыарқа ауданында кеше қайғылы оқиға орын алды деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Терезелердің жарығын тығындап, қымтамақ болған 18 жастағы өнеркәсіп альпинисті 9-қабаттан құлап, ауруханада көз жұмды.

Жедел ауруханаға түсу азайды

2013 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша, Астана қаласында жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  17,6%-ға артқан. Ал, жедел ауруханаға жатқызу керісінше 17,6%-ға азайған. Бұған қоса, Астана қаласы тұрғындары «Жүктілік, босану және туғаннан кейінгі кезең» бойынша 19877 рет емделген, бұл жалпы ауруханаға жату көрсеткішінің 31%-ын құрайды. Бұдан кейінгі орында – «Қан айналымы жүйесі аурулары» (9867 оқиға, 15,4%), үшінші орында «Несеп-жыныс жүйесі органдарының аурулары» (4768 науқас, 7,4%) тұр.

Кеше

Астанада теннистен Қазақстан Президентінің кубогы үшін өтетін турнир басталды.

Бүгін

«PostPoetry» әдеби ұйымының әдеби-сазды кеші өтеді. Шараның өтетін орны: Республика даңғылы, 33А. MYTOWN.

Ертең

Тәуелсіздік са­райында «Жақсы көңіл-күй» атты Елена Бей­сем­би­наның көрмесі өтеді.

Сансөйлем

12 000 Астанада жыл басынан бері осынша жаяу жүргіншінің заң бұзушылығы тіркелді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button