Жаңалықтар

Нақ-нақ

«Жел энергиясы» бекітілді

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың төрағалығымен ЭКСПО -2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда  аталмыш көрменің  жаңа фирмалық белгісі ретінде «Жел энергиясы» логотипі бекітілді.

Оқыс оқиға

Астана қаласында «Хан Шатыр» СОО аумағынан өтіп бара жатқан КамАЗ көлігінің кузовы электр сымына тиген. Салдарынан 34 жастағы жүргізуші Қырғызстанның азаматы оқиға орнында көз жұмды.

Суда ажал құшты

Астана қаласында маусымның 1-і мен шілденің 26-сы аралығында суда 15 қайғылы оқиға орын алды. Қаза болғандар – ішімдік ішкен 14-31 жастағы азаматтар.

Гепатитке қарсы айлық

Қазақстанда гепатит ауруының алдын алуға арналған айлық өткізіледі. Шара шеңберінде тұрғындар арасындағы гепатиттің алдын алуға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, медициналық қызметкерлер үшін оқыту семинарлары мен тренингтер, профилактика, диагностика және емдеу мәселелері бойынша кеңестер берілетін «ашық есік күндері» ұйымдастырылады.

Кеше

 Тәуелсіздік сара-йында «Социализмнен модернге дейін» атты көркемсурет және қолданбалы өнер көрмесі өтті.

Бүгін

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешенінде жас экскурсоводтардың «Өзін-өзі бақару» күні өтеді.

Ертең

 Шымкент қаласы суретшілерінің «Сырлы бояу» көрмесі жабылады.

Сансөйлем

100. Астанада бір тәулік ішінде  осынша жол-көлік оқиғасы тіркелді, 6 адам зардап шекті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button