Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

Ерлер хорының концерті

 Тамыздың  27 және 29 күндері Астана мен Алматы тұрғындары корейлік танымал «I MAESTRI» ерлер хорының бірегей концертін тамашалай алады. Аталған мәдени шара Корея Республикасы мен Қазақстанның арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған мезеттен бергі Корей Үкіметі ұйымдастырып отырған ең ірі мәдени шара болмақ.
 

 Жол-көлік оқиғалары

Астанада 7 айда 339 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 356 адам жарақат алса, 36-сы қаза тапқан. Қаңтар-шілде айларында 189 жаяу жүргіншіні көлік қаққан, соның ішінде 8 адам көз жұмса, 188-і түрлі дәрежедегі жарақаттар алған.

 Аптадағы ауа райы

Осы аптаның басында Астанада өткінші жаңбыр жауады, ал сәрсенбі күні ауа райы  ашылып, жауын-шашынсыз болады.

 Жұмыстың тиімділігі артады

Астана экономикалық форумы аясында «Мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігін бағалау, оларды жылжыту және еңбекақы төлеу жүйесі» жаһандық конференциясы виртуалдық жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Іс-шара «G-Global» халықаралық коммуникативтік алаңда 2013 жылғы тамыз айынан 2014 жылғы ақпан айына дейін өтеді.

Сансөйлем

22 Астанада Суда құтқару қызметтері 7 ай ішінде  осынша адамды, соның ішінде 3 баланы құтқарды.

 Кеше

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен  «Астанаға күлкі сыйла!» жастар акциясы өтті.

Бүгін

Жаңа Оқушылар сарайында сағ. 15-00-де Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Ертең

Тәуелсіздік сарайында Шымкент қаласы суретшілерінің «Сырымыз бір» атты көрмесі ашылады.

   Еркежан Сәтімбек

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button