Жаңалықтар

НАҚ-НАҚ

Губерманның шығармашылық кеші

Елордадағы Назарбаев орталығында Израиль жазу­шысы және ақыны Игорь Губерманның шығармашы­лық кеші өтті.

Шығармашылық кеште жазушы шығармаларынан үзінділер оқы­лып, оның басынан кешкен оқи­ғалары туралы әңгіме өрбіді. Ақын­ның шығармаларымен жақ­сы таныс жандар оған өздері­нің сауалдарын жолдады.

Игорь Губерман, Израиль ақыны, жазушы 1936 жылы 7 шіл­деде Харьков қаласында дү­ниеге келген. Мәскеу теміржол көлігі инженерлері институтын (МТИИ) тәмамдап, инженер-электрик дипломын алған. Бірнеше жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс істеген, бірақ әдебиетті тастамады. 1979 жы­лы Губер­манға жалған айып та­ғы­лып, 5 жылға бас бостанды­ғы­­нан айырылды. Ол лагерьде жү­ріп күнделік жазды. Айдауда болған жылдары осы күнделік­тер­дің негізінде «Барак айнала­сын­дағы серуен» (1988) атты кітабын жазған.

ҚОМАҚТЫ ЖЕТІСТІК

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттіктің (IQAA-НКАОКО) ұлттық рейтингісіне сәйкес биыл да бірінші орынға жайғасты. 

Тамырын терең жайып, ға­сырлық межеге тақау келіп қонған жоғары оқу орындарынан көш ілгері көрсеткіш көрсету оңай болмаса керек. Сонымен бірге өткен жылы «Қызмет көрсететін үз­дік кәсіпорын» аталымы бойынша ҚР Пре­зи­дентінің «Алтын сапа» сыйлығына иелік еткен­дігін де атап өткен жөн.

…Биылғы оқу жылы Еуразия ұлттық университеті үшін тағы сәтті басталды. Үздік университеттерді анықтауда күллі әлем аузына қарайтын агент­тік­тердің бірегейі – QS World University Rankings 2013-2014 жылдарға арналған рейтин­гісін жария етті. Тізімге кір­ген ЖОО-лардың ұзын-ырға­сы – 17 мың. Қуантатыны сол, атал­ған тізім бойынша ЕҰУ бір­ден 66 сатыға жоғарылаған. Табан ті­реген тұсы – 303-орын. Бұл қазақ­стан­дық жоғары оқу орын­да­ры­ның ішіндегі ең жоға­ры көрсеткіш болып есептеледі.
Жасұланбек МАЙЛЫБАЙ

«Алтай барысы» атанды

Кенді Алтайда Оралхан Бөкейдің 70 жасқа толуына орай  балуандар  бақ сынасып,  «Алтай барысы» анықталды.

Айбек Нұғымаровқа дейін «Қазақстан барысы» атан­ған та­раз­дық Бейбіт Ысты­баев пен қы­зылор­далық Ұлан Рысқұловтың шар­шы кілем­дегі белдесуі тартысты бас­тал­ғаны­мен, Ұлан Рысқұлов ақ­тық тар­­­тыс­қа жетпей сүрінді. Ал, Бей­бітпен белдескен шы­ғыс­­­тың тағы бір тарланы Мұхит Тұр­­сы­нов соңғы кез­десуде намысты қолдан бер­­мей, қарсыласын қапы қал­дырды. Сөйтіп, «Алтай барысы» атанды.

Сансөйлем…

Астана қаласында биыл осыншама тонна астық азық-түлікке жіберілді.

Кеше…

Қазақстан Орталық концерт з­алында Лилль қа­ласы (Фран­­­ция) Ұлт­тық ор­кестрі­нің  кон­церті өтті.

Бүгін…

«Конгресс холлда» Абы­­­лай ­ханның 300 жылды­ғына орай Көкше­тау филармониясы «Ар­қа­ның кербез сұлу Көк­шетауы» концертін қойды.

Ертең…

«Думан» қо­нақ үйі кеше­нін­де «Үздік жар­на­ма» қа­ла­лық байқауы ұйым­дасты­ры­ла­ды.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button