Жаңалықтар

Нақ-нақ. 7-8 қазан

  • Астанада үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің 4 бөлімі жұмыс істейді. Бүгінде олар 313 жалғызбасты қария мен еңбекке қабілетсіз азаматқа қол ұшын беруде.
  • Астана қаласы Ішкі істер департаменті қылмыстық іздеу саласының 95 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Мерекеде жедел бөлімнің үздік қызметкерлері бағалы сыйлықтармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.
  • 2013 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша Астана қаласы халқының саны – 800 656 адамға жетті. 2013 жылғы 1 қаңтардағы есепте халық санының тығыздығы шаршы шақырымға 1096 адам еді. Соңғы мәліметтерде Астана халқының орташа жасы 30 жас болып отыр.
  • «Astana Mall» ойын-сауық орталығында «Би территориясы» шоуының іріктеу туры өтті. Қостанай, Қарағанды, Астана, Алматы, Павлодар және Өскемен қалаларынан 150 жуық адам қатысқан 15 бишілер тобы командасы «Үздік команда» атағы үшін бақ сынасты.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button