Жаңалықтар

Наразылық акцияларын қаржыландырған

Танымал қазақстандық кәсіпкер, «Шымкент пиво» серіктестігінің директоры Тоқтар Төлешов жер реформасына қатысты митингтердi қаржыландырған және билікті күшпен басып алуға дайындық жұмыстарын жүргізген. Бұл туралы кеше Бас прокуратурада өткен брифинг барысында Ұлттық қауiпсiздiк комитетi баспасөз қызметiнiң өкiлi Руслан Карасев мәлімдеді.

«Тергеуде Төлешов мырзаның бұрын билікті күшпен басып алуға дайындық жұмыстарын жүргізгендігі, өткен жылдан бері белсенді нақты әрекеттер қолданғаны туралы толық мәліметтер алынды. Оның жос­парында қауіпті ошақтарды ба­қылап, ел ішіндегі жағдайды тұрақ­сыздандыру, наразылық акцияларын және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, соның айналасында баламалы үкіметті қалыптастыру және әрекет етуші билік құрылымын өзгерту қарастырылған. Атырау, Астана, Алматы, Орал және Қызылорда қалаларындағы жер реформасына қарсы наразылық акцияларын Төлешов мырза былтырғы жылдың желтоқсан айында дайын­дап, қаржыландырғаны туралы дәлелдер бар. Аталған наразылық ак­ция­ларын бұдан да ертерек өткізу жоспарланғаны анықталған. Бірақ, Төлешевтің тұтқындалуына байланысты акцияны өткізу уақытын ұйымдастырушылар өзгерткен. Қазіргі таңда олардың кейбіреулері құрықталған» деді Р.Карасев.
Комитет өкілінің айтуынша, тергеу органдары Қазақстанның басқа да өңірлерінде ұйымдастырылған наразылық акцияларын қаржы­лан­дыру фактілерін қараған.
«Төлешев тергеу изоляторында бола тұра елдегі қалыптасқан жағдайды пайдаланып, 2016 жыл­дың мамырында Оңтүстік Қазақ­стан облысының Сарыағаш қала­­сында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға әрекеттенген. Өзі­нің жоспарларын іске асыру мақса­тында Төлешов құқық қор­­ғау ор­гандарының бұрынғы және Қарулы күштердің жоғары лауа­зым­ды тұлғалары, сондай-ақ, Қару­лы күштердің кейбір басшылары қатарынан мақсатты түрде өзінің жақтастарын іздестірген. Төлешов мырза жасырған орындардағы қару-жарақ пен жарылғыш заттарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті тәркілеген» деді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button