Ел тынысы

Нариман салған дара жол

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өзінің спорт шеберлері арқылы алыс-жақынға кеңінен танылып келеді. Бүгінгі таңда әлем бізді Елдос Сметов сияқты чемпиондарымыздың жетістіктері арқылы танитыны да жасырын емес. Міне сондай жетістіктерімен елімізді шетелдерге танытып, абыройымызды асырып жүргендердің бірі жуырда ғана Парижде өткен олимпиада ойындарында ерлер арасында ат снаряды спорттық гимнастикадан күміс жүлдемен оралған Нариман Құрбанов.

Шын мәнінде дәл осы спорт түрінде бұрын – соңды Қазақстанның ауыз толтырып айтатындай жетістігі болмаған. Нариман Құрбанов сол келеңсіздіктің көбесін сөгіп, көмбеден көрінгендердің алғашқысы.

Оның бұл тарихи жеңісіне шын мәнінде қуанбаған қазақ жоқ. Ол халқымыздың спорт сүйер жастарына қасатты бұзып жол салғандай әсер қалдырып отыр. Өйткені Нариман қатысқан спорт түріне бұрын сұраныс аз болатын. Ал Нариман жетістікке жеткесін көптеген жастар оның жетістігін қайталағысы келіп, дәл сол ат снаряд спорттық гимнастикасына қызығушылық танытқан.

Ал, Қазақстан Республикасының Спорт және туризм министрлігінің мәліметі бойынша елімізде спортпен шұғылданатындардың саны миллионға жуық. Ал, оның ішінде біз айтып отырған гимнастикамен айналысатындардың саны қазір 20-мыңға жуықтайды.
Еске сала кетейік, Спорттық гимнастикадан Ерлер арасында арқан бойымен өрмелеу, командалар арасындағы керме, командалар арасындағы қоссырық, жеті снаряд, тоғыз снаряд, ұршықпен ойнау, командалар арасындағы еркін жүйе, командалар арасындағы швед жүйесі, кесе-көлденең қойылған ат, үндістер ұршығы, акробатикалық жүріс сияқты сайыс түрлері бар.

Көгершін Дәуітхан,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Журналистика және
әлеуметтік ғылымдар
факультетінің 3-курс студенті

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button