Қоғам

Насыбай мен снюс сатқан дүкен иелеріне айыппұл салынды

Астанада Нұра ауданының әкімдігі Полиция басқармасымен бірлесіп, тыйым салынған шегілмейтін темекі өнімдерінің заңсыз саудасын анықтау бойынша рейд жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Рейд барысында ауданның тұрғын үй кешендерінде орналасқан сауда орындары тексеріліп, екі дүкенде насыбай мен снюс сату фактілері анықталды.

«Тексеру нәтижесінде 17 қорап насыбай мен 4 қорап снюс тәркіленді, олардың жалпы құны – 8 400 теңге. Дүкен иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес 98 300 теңге (25 АЕК) көлемінде айыппұл салынды», — деді учаскелік полиция инспекторы Руслан Алданов.

Мұндай рейдтер тұрақты түрде өткізіледі және тыйым салынған темекі өнімдерінің заңсыз саудасын тоқтатуға бағытталған. Насыбай мен снюсты сатуға заңмен тыйым салынғанын және бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескерген жөн.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button