Жаңалықтар

НАУРЫЗ АЙЫ ТУҒАНДА

Кеше Астана Көлік және коммуникация кол­леджін­де Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мере­кесі ерекше түрде тойланды. Оған елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері мен арнайы шақы­рылған қонақтар қатысты.

Колледжде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді бағалау, оны жас ұрпақтың бойына сіңіру жолында ерен істер атқарылып жатқанын қонақтар көзбен көріп, сүйсініп отырды.

Колледждің оқытушылары мен студенттері қойған мерекелік концерт жоғарғы деңгейде болды. Әсіресе, арнайы жасалған сахнадағы ұлттық дәсүр бойынша көрсетілген көріністер көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Шара соңында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасынан қатысқан өкіл Көлік және коммуникация колледжінде өткен Наурыз мерекесіне өте жоғары баға берді.

Азат ЕСЕН

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button