Жаңалықтар

«Наурыз көже» сусын ғана ма?


Жуырда интернет желiсiне «Казкоммерцбанктiң» сайтынан ерекше бiр ойын келiп қосылды. «Наурыз құтты болсын!» деп айдарланған ойын өзiнше Наурыз көженiң неден дайындалатынын ойыншының пайымына салмақ болады. Алайда, жетi түрлi дәмнен дайындалатын Наурыз-көженiң құрамына енетiн ас-ауқат түрлерi ойында толық қамтылмаған. Сiрә, оны жасаушылардың өзi көженiң қалай дайындалатынын бiлмейтiн болса керек.
Одан да сорақысы, «Главное блюдо праздника Наурыз – национальный напиток «наурыз-коже»…» делiнедi сайттың «шәпкесiнде». Осылайша, қазақтың ұзын сары келiп, Ұлыстың ұлы күнi туғанда әзiрленетiн ұлттық асын олар «сусын» деп атап, суға телидi.
Наурыз-көже сусын ғана ма? Оны сусынға жатқызсақ, көже құрамындағы қою-құнар, қысқы соғымнан сақталып, қыс бойы қақталған сүр ет, құрт және дәндi дақылдар қайда қалады?..
Сондықтан, шатаспаңыз, құрметтi «Казком» өкiлдерi! Қазақстанда тұрып, Наурыз-көженi бiлмеу бұдан былай ұят саналады. Ал, Наурыз-көже сусын ғана емес, iшкен адамға жыл он екi айда сарқылған қуат пен қажеттi дәрумендi беретiн iрi тамақ, iрi сусын, iрi салат дегiмiз келедi. Дұрысы – Наурыз-көже – қазақтың Наурыз мерекесiнде әзiрлейтiн ұлттық тағамы!

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button